Ашық есік күні Алматы қаласының ЖИТС орталығында өтті

 

Желтоқсан 3, 2025

Алматы қалалық ЖИТС орталығы 2 желтоқсанда «АИТВ-ге қарсы әрекетте: қиындықтардан – өзгерістерге» ұранымен өтіп жатқан Дүниежүзілік ақпараттық науқан аясында қала тұрғындарын Ашық есік күніне шақырды.

Таңертеңнен бастап орталыққа келгендерді медицина қызметкерлері қарсы алды. Бұл күн әрбір алматылық үшін пайдалы өтті: келушілер АИТВ-ға тест тапсырды. Қалағандар ИХЛА/ИФА әдістерімен немесе экспресс-тест арқылы өз АИТВ-статусын біле алды. Соңғы әдіс арқылы нәтиже 20 минут ішінде дайын болды.

Тестілеуден бұрын барлық азаматтарға алдын ала кеңес беріліп, сұрақтарына жауап берілді. Дәрігерлер АИТВ-ның жұғу жолдары мен алдын алу шараларын қарапайым тілмен түсіндіріп, ақпараттық парақшалар таратты. Сонымен қатар, орталықта бейнероликтер көрсетіліп, қосымша мәліметтер ұсынылды.

Мамандар АИТВ-ның алдын алуда және ерте анықтауда тұрақты тестілеудің маңызын атап өтті. Бұл өмір сапасын сақтауға және инфекцияның таралуын болдырмауға көмектеседі. Іс-шара барысында стигма мен кемсітушілік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Орталықтың психологы қоғамның қолдауы мен ашық диалогтың АИТВ-ның алдын алудағы маңыздылығы туралы айтып берді. Қала тұрғындары сұрақтар қойып, жеке тәжірибелерімен бөлісті. Көпшілік мұндай іс-шаралар АИТВ жайлы аңыздарды жоққа шығарып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ықпал ететінін атап өтті.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін онколог, гепатолог, фтизиатр, дерматовенеролог және онкомаммолог мамандар қабылдау жүргізді. Барлығы 82 адам арнайы дәрігерлік кеңес алды. Сонымен қатар, 130 алматылық психоәлеуметтік кеңес алды.

барлық жаңалықтар »