Жастарымыз АИТВ-ға қарсы: диалог, шығармашылық, қолдау

 

Желтоқсан 2, 2025

Қарағанды облыстық ЖИТС орталығы, «Доверие» ҮЕҰ және Қазақстанның Халық партиясымен бірлесіп жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған жарқын— «ВИЧеринка» шара ұйымдастырды. Акцияның мақсаты — жастардың ВИЧ-инфекцияның алдын алу туралы білімін арттыру және ВИЧ-пен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарас қалыптастыру.

Шараның арнайы қонағы параолимпиадалық спортшы Айсулу Сүлейменова болды. Ол өзінің өмірлік үлгісімен студенттерді белсенді ұстанымға және қиындықтарға қарамастан алға ұмтылуға жігерлeндірді.

«Шапагат» ҮЕҰ өкілі Зоя Ружникова ВИЧ-пен өмір сүретін адамдардың өмірі туралы айтып, жастарды қауіпті мінез-құлықтан сақтандырды және тұрмыста ВИЧ берілмейтінін, сондықтан стигма мен кемсітушілікке жол беруге болмайтынын атап өтті.

Шара аясында жұмыс істеген жылжымалы пунктте қалағандар ВИЧ-ке экспресс-тестті тегін және құпия түрде тапсыра алды.

Сонымен қатар студенттер арасында ВИЧ-тің алдын алу және толеранттылықты насихаттауға арналған үздік бейнеролик конкурсының нәтижелері жарияланды.

Бірінші орынды ЧУ «Медициналық Интерколледж» екінші курс тобы «Эксперимент» ролигімен иеленді.

Екінші орын КГКП «Теміржол колледжі» волонтерлік штабына берілді.

Үшінші орын анимациялық фильмі үшін ЧУ «Медициналық Интерколледж» студенті Сева Перепелицынға бұйырды.

Жеңімпаздар электроника дүкендеріне сертификаттармен марапатталды. Сондай-ақ көрермендер көзайымы атанған қатысушылар да марапатталды. Үздік жұмыстар шара барысында көпшілік назарына ұсынылды.

Шара соңында студенттер ВИЧ-инфекция тақырыбы бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері Ольга Орлова толық әрі түсінікті жауап берді.

Бұл шара ЮНЭЙДС ұранымен өтті: «Қиындықтардан — ВИЧ-ке қарсы әрекеттегі өзгерістерге», бұл ВИЧ таралуының алдын алуда күш біріктірудің маңыздылығын айқындайды.

 

барлық жаңалықтар »