Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Желтоқсан 1, 2025
2025 жылғы 27 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында «Астана» Медицина университеті КЕАҚ-да студенттері арасында СӨС қалыптастыру орталығының мамандары және АИТВ орталығының бірлескен ұйымдастырыуымен «АИТВ және қоғам» тақырыбында пікірталас өтті.
Пікірсайысқа екі команда - «Медициналық-профилактикалық іс» факультетінің 1-ші және 2-ші курс студенттері қатысты. Жеребе бойынша командалар арасында «қарсы» және «қолдау» позициялар анықталды.
Медицина студенттері «АИТВ тақырыбы қоғам үшін неге маңызды?», «Неліктен адамдардың жеке өмірге құқығы болуы маңызды?», «Стигманы азайтуға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдауға не көмектеседі?», «Адам әрқашан серіктесіне өзінің АИТВ жағдайы туралы хабарлауы керек пе?» тақырыптарын талқылады.
Іс-шара барысында студенттер АИТВ-ға жедел тестілеуден тегін және құпия түрде өтіп, ақпараттық-білім беру материалдарын ала алды. Барлығы 35 студент тексерілді.
Қорытындылай келе, АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары, ҒЗИ директорының орынбасары Ж. К. Букеева, академик Е. Д. Дәленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ аға ғылыми қызметкері О. М. Қожамқұлов құрамында қазылар алқасы қатысушыларға белсенділігі, пікірлері мен көзқарастары үшін алғыс айтып, студенттердің жоғары білім деңгейін атап өтіп, жүлделі орындарды табыстады.