Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Желтоқсан 1, 2025
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбына арналған кең көлемді ақпараттық дәріс ұйымдастырылды. Іс-шараны ШҚО ЖИТС орталығы өткізді. Дәріске университеттің үлкен аудиториясына жиналған жүзге жуық студент қатысты.
Мамандар жастарға АИТВ туралы толық мәлімет беретін презентациялар мен бейнероликтер көрсетіп, вирус жұғу жолдары, сақтану тәсілдері және қоғамда жиі кездесетін қате пікірлер жайлы жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ АИТВ инфекциясының алдын алудағы ақпараттық сауаттылықтың маңызы атап өтілді.
Дәріс барысында студенттер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, маңызды ақпарат алуға мүмкіндік алды. Ашық форматта өткен әңгіме жастардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырып, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер өңірдің оқу орындарында жүйелі түрде өткізіліп отырады. Негізгі мақсат — жастар арасында дұрыс ақпарат тарату, АИТВ туралы түсінікті кеңейту және оның алдын алуға бағытталған нақты қадамдарды насихаттау.
Іс-шара жылы атмосферада өтіп, студенттер үшін пайдалы әрі мәнді кездесуге айналды.