Алматыда жетекші сарапшылар АИТВ саласындағы инновацияларды талқылайды

 

Желтоқсан 1, 2025

Алматыда жетекші сарапшылар АИТВ саласындағы инновацияларды талқылайды
2 желтоқсанда Алматыда «АИТВ: кеше, бүгін, ертең» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Іс-шара 1 желтоқсан – Дүниежүзілік АИТВ-пен күрес күніне арналған «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан- тиімді өзгерістерге» ұранымен өтетін ақпараттық кампания аясында ұйымдастырылады.
Конференция ұйымдастырушылары: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы (ҚДИАҒО), «Дерматовенерологтар, дерматокосметологтар және лепрологтар қоғамы» қоғамдық бірлестігі. Бұл іс-шара АИТВ пен дерматовенерологиялық аурулардың алдын алуға бағытталған заманауи тәсілдерді жетілдіру жолындағы маңызды қадам болмақ.
Конференцияға Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ ДДҰ, UNAIDS, CDC, ЖИТС, туберкулез және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қор сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Конференция спикерлері:
• Роза Қуанышбекова, м.ғ.д., профессор, ҚР ДСМ «ҚДИАҒО» ШЖҚ РМК директоры;
• Стела Бивол, ДДҰ-ның Даниядағы жұқпалы аурулар бөлімінің басшысы;
• Эмонн Мерфи, ЮНЭЙДС-тің Азия-Тынық мұхиты, Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңірлері бойынша өңірлік директоры;
• Цовинар Сакинян, ЖИТС, туберкулез және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қордың Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша портфолио менеджері.
Конференция АИТВ-инфекциясы мен дерматовенерологиялық аурулардың алдын алу саласындағы тәжірибе және озық практикалармен алмасудың тиімді алаңына айналмақ.
Өтетін орны: Алматы қ., NOVOTEL қонақ үйі
Мекенжайы: Алматы қ., Достық даңғылы 104А
Конференцияға онлайн қатысуға болады.
Онлайн қосылу сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/81297953308?pwd=G9Us87IzbyHKnxfHOKIXnabyW3jnwd.1

2025 жылғы 25 қарашаға арналған конференция бағдарламасы (30 KB)

барлық жаңалықтар »