Атыраулық студенттер ВИЧеринкада АИТВ тақырыбында мифтерді талқылады

 

Қараша 27, 2025

10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін елімізде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» республикалық ақпараттық науқан өтуде.
 
 Осы нaуқан аясында Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Х. Досмұхамедов атындағы университеттің жатақханасында студенттермен ерекше форматтағы кездесу — ВИЧеринка ұйымдастырды.
 
 Шараның мақсаты – жастарды АИТВ туралы ашық ақпараттандыру, мифтерді жоққа шығару және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру.
 
 Кездесу бейресми форматта өтті: студенттер еркін сұрақ қойып, мамандардан шынайы әрі нақты жауап алды.
 
 Шара барысында:
  • викториналар, белсенді ойындар;
  • мамандардың кеңестері;
  • АИТВ туралы ең жиі қойылатын сұрақтар;
  • «Маса арқылы ЖИТС жұға ма?» секілді мифтерді талдау болды.
 
 Мамандар АИТВ-ның таралу жолдары, қорғану тәсілдері, ерте тестілеудің маңызы туралы түсіндірді. Студенттерді қызықтырған ең маңызды тақырып — тегін және құпия түрде тест тапсыру мүмкіндігі. Шара барысында бірнеше қатысушы жылдам тест өтіп, мамандардан жеке кеңес алды.
 
 ВИЧеринка жастардың назарын маңызды мәселеге жеңіл форматта аударуға мүмкіндік берді. Ашық диалог, еркін орта және интерактив формат студенттердің тақырыпты жақсы түсінуіне көмектесті.

барлық жаңалықтар »