Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қараша 27, 2025
2 желтоқсанда Алматыда «АИТВ: кеше, бүгін, ертең» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Іс-шара 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған «Сын-қатерлерден – АИТВ-ға қарсы іс-қимылдағы өзгерістерге» ұранымен өтетін ақпараттық науқан аясында ұйымдастырылады.
Конференцияны ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы (ҚДИАҒО), «Дерматовенерологтар, дерматокосметологтар және лепрологтар қоғамы» қоғамдық бірлестігі. Бұл шара АИТВ мен дерматовенерологиялық аурулардың алдын алуда заманауи тәсілдерді жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болмақ.
Конференцияға Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың – ДДСҰ, UNAIDS, CDC, ЖИТС, туберкулез және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қордың өкілдері қатысады.
Конференция спикерлері арасында:
Роза Қуанышбекова, м.ғ.д., профессор, ҚР ДСМ «ҚДИАҒО» ШЖҚ РМК директоры;
Стела Бивол, ДДСҰ-ның инфекциялық аурулар жөніндегі бөлімінің жетекшісі, Дания;
Эмонн Мерфи, UNAIDS-тің Азия-Тынық мұхиты және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірлері бойынша өңірлік директоры;
Цовинар Сакинян, ЖИТС, туберкулез және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қордың Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша портфолио менеджері.
Конференция АИТВ инфекциясының және дерматовенерологиялық аурулардың алдын алу саласындағы тәжірибе мен озық практикалармен алмасуға арналған тиімді алаң болмақ.
Өтетін орны: Алматы қ., NOVOTEL қонақ үйі
Мекенжайы: Алматы қ., Достық даңғылы, 104А
Конференцияға онлайн форматта қатысу мүмкіндігі бар.
Онлайн қосылу сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/81297953308?pwd=G9Us87IzbyHKnxfHOKIXnabyW3jnwd.1