Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қараша 26, 2025
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан аясында Түркістан қаласында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары қала тұрғындары мен қонақтары үшін «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» атты автошеру өткізді.
Жыл сайын 1 желтоқсанда бүкіл әлемде ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл күн қоғамның АИТВ-ның таралуына қарсы тұру мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталған іс-қимылдарға шақыру ретінде қызмет етеді. АИТВ орталығының мамандары халықтың заманауи емдеу әдістері туралы хабардарлығын арттырудың маңыздылығын, олардың АИТВ-мәртебесін білудің маңыздылығын және уақтылы тестілеуді атап өтті.
«Стигма мен қорқыныш әлі де адамдарға тестілеуге жүгінуге кедергі келтіреді. Біздің міндетіміз - өз АИТВ статусын білу оңай, қауіпсіз және әркім үшін маңызды екенін көрсету. Өзінің ВИЧ-статусын білу адамға профилактикалық шараларды әрі қарай сақтауға, ал нәтижесі оң болған жағдайда ерте және тиімді емді бастауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті эпидемиолог дәрігер Еркин Есалиев.
Автошеру аясында қала тұрғындары мен қонақтары АИТВ-ға жедел тестілеуден тегін және жасырын өтіп, қысқа мерзімде нәтиже ала алатыны және АИТВ-инфекциясына байланысты мәселелер бойынша мамандардан кеңес ала алатындығы жайлы ақпарат алды.
Қала тұрғындарының бірі өз әсерімен бөлісті: «Бұндай ақпараттық шаралардың халыққа берер нәтижесі көп деп ойлаймын.Себебі әрбір азамат өз мәртебесін анықтау үшін орталықтың қызметіне жүгінері сөзсіз» - деді ол.