АИТВ тестілеуге мотивация беру бойынша Шымкент қаласында тренинг өтті

 

Қараша 26, 2025

ЖИТС, туберкулёз және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың «Негізгі топтар арасында АИТВ тестілеу және алдын алу қызметтерінің тұрақтылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың емге бейімділігін арттыру» жобасы аясында 19–20 қараша күндері Шымкент қаласында негізгі топтардың өкілдерін АИТВ тестілеуге тартудан  Social Network Strategy (SNS) әлеуметтік байланыстар әдісін қолдана отырып екі күндік тренинг өтті.

Оқытуға Жаһандық қор гранты іске асырылатын өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдары мен АИТВ профилактикасы орталықтарының мамандары қатысты.

«Community Friend» ҚҚ қызметкерлері Алматы қаласындағы тиімді тәжірибесімен бөлісті. 2024 жылдың шілдесінен 2025 жылдың қарашасына дейінгі кезеңде аталған ҮЕҰ базасында негізгі топтардың 37 өкілінен АИТВ бойынша экспресс-тест арқылы оң нәтиже анықталды. SNS әдісін қолдану негізгі топтарды тиімді тартуға, жаңа АИТВ жағдайларын анықтау көрсеткішін арттыруға және Қазақстандағы алдын алу жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл қауымдастықтармен тұрақты байланыс орнатуға, тестілеуге кедергілерді азайтуға және ұлттық АИТВ-ға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Тренинг барысында қатысушылар әдісті басқа өңірлерде енгізу үшін практикалық тапсырмалар мен рөлдік ойындар арқылы SNS әдісін қолданудың тәжірибелік дағдыларын меңгерді.

барлық жаңалықтар »