Түркістанда жастар Вичеринкасы өтті

 

Қараша 25, 2025

Түркістан облысы АИТВ орталығының мамандары жастармен ЮНЭЙДС ұранымен "АИТВ-ға қарсы қиындықтардан – тиімді өзгерістерге "Вичеринкасын өткізді. Іс-шараға 150-ден астам жас ұлдар  мен қыздар қатысты. Шарада медицина қызметкерлері АИТВ жұқтыру жолдары мен қорғау шаралары туралы ақпарат берді. Талқылау барысында денсаулыққа қатысты түрлі тақырыптар қозғалды. Атап айтқанда  салауатты өмір салтының артықшылықтары және жеке жауапкершілікті арттырудың маңыздылығы. 

Сондай-ақ, шараның өзектілігі оған  АИТВ-мен өмір сүретін адам қатысып,  өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісуінде болды. Жастар оған сұрақтар қойды. АИТВ-ға тестілеу тақырыбы ерекше қызығушылық тудырды. Дәрігерлер АИТВ-ға тестті тіркелген клиникада немесе орталықта тегін және құпия түрде алуға болатынын айтты. 

 

Қатысушылар шарада жедел тестілеуден өтіп, кеңес алып, АИТВ-статусын білді. Сонымен қатар қатысушыларға өз денсаулығына сенімді болу үшін үнемі тексерулер жүргізу қажеттілігі туралы ескертілді. Сарапшылар ерте диагностиканың маңыздылығын атап өтіп, оның қажетті көмекті уақтылы алуға және өмір сүру сапасын жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік беретінін түсіндірді. 

Дәрігерлер сонымен қатар АИТВ-инфекциясын емдеудің заманауи тәсілдері туралы айтып, антиретровирустық терапияның арқасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдар толыққанды және белсенді өмір сүре алатынын атап өтті. Жастар үшін АИТВ туралы мифтерді жоққа шығаруға бағытталған интерактивті викториналар мен шағын тренингтер өткізілді. Сондай-ақ, балаларға quiz ойыны ұсынылды, онда белсенді жастар өз білімдерін көрсетті. Мұндай форматтар ақпаратты жақсы игеруге және өзекті мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік береді. Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық буклеттер таратылды.

 

 

барлық жаңалықтар »