Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қараша 24, 2025
Ақтауда жастар мен жасөспірімдер арасында пара армрестлингтен ашық турнир өтті. Спорттық шара 1 желтоқсан - дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды. Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен өткен жарысқа 40-қа жуық спортшы қатысты.
Спорттық жарысқа қатысқандардың бірі - Ақбөбек Ескендір. 15 жасар спортшы қол күресімен 2 жылдан бері айналысып келеді. Бүгінгі додаға тыңғылықты дайындалғанының нәтижесінде 1-орын иеленді.
Бұл спортқа келуіме әкем себепкер болды. Барып, қатысып көр деп айтқан. Қызығушылықпен келмеген соң жоғары жетістікке жетемін деп ойламадым. Жарыстарға шыққаннан бастап спортқа деген қызығушылығым ашылды. Сол кезден бастам мінезім өзгерді. Ашылып сөйлейтін болдым. Енді алға қойған мақсатым - келесі әлем чемпионатында бірінші орын алу, - дейді спортшы Ақбөбек Ескендір.
Жарысқа 40-қа жуық спортшы қатысты. Бәрі тартысты ойын көрсетіп, белсенділік танытты. Осылайша, олар спорттық шеберліктерін көрсете отырып, қоғамдағы маңызды әлеуметтік мәселелер жөнінде ақпарат алды. Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары бұл шара жастарға қолдау көрсетуге, әрі вирустың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.
Балаларымызға жақсы көңіл күй сыйладық деп ойлаймын. Дендері сау болып, жетістікке жетіп, чемпион болуларына тілектеспіз. Қазір өңірімізде 10 қарашадан 10 желтоқсан аралығында ауқымды науқан өтіп жатыр. Облыс аумағында АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында түрлі іс-шара өткізудеміз, - дейді Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бөлім меңгерушісі Зарина Беркалиева.
Турнир жеңімпаздарына арнайы дипломдар және естелік сыйлықтар табысталды. Ұйымдаструшылар алдағы уақытта осындай жобаларды жалғастыруды жоспарлап отыр.