«Пана» әлеуметтік бейімдеу орталығындағы акциялар

 

Қараша 24, 2025

Алматы қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері 21 қараша күні «Пана» әлеуметтік бейімдеу орталығында «Тексеріл! Біл! Өмір сүр!» атты екі ақпараттық-сауаттандыру акциясын өткізді.

Медициналық мамандар қатысушыларға АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары және заманауи профилактикалық тәсілдер туралы айтып берді.

250-ден астам адам мамандардан нақты әрі сенімді ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби жауап алды.

Сонымен қатар, дәрігерлер АИТВ-ға уақтылы тест тапсырудың маңыздылығын еске салды.

Акция барысында АИТВ инфекциясына қатысты стигманы азайту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Дәрігерлер қазіргі антиретровирустық терапияның арқасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдар толыққанды, белсенді әрі ұзақ өмір сүре алатынын атап өтті. Уақытында анықталған инфекция тиімді емдеуге және жаңа жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Шара аясында қалағандардың барлығы 20 минут ішінде нәтижесі дайын болатын экспресс-тестіден өтті.

Акция Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық кампания шеңберінде, ЮНЭЙДС-тің «Қиындықтардан — АИТВ-ға қарсы әрекеттегі өзгерістерге» ұранымен өткізілді. Науқан 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

барлық жаңалықтар »