Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Сәуір 15, 2025
Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша 2025жылдыңсәуір айында АлматыоблыстықЖИТСорталығыныңғимаратындаАлматыоблысыжәнеЖетісу облысы бойынша ҚАЖДөкілдерімен,Ілеауданы және Қонаев қалалықМСАКорынбасарларыменжауаптымамандарының және облыстықденсаулық сақтау басқармасына ведомстволық бағыныстықатысуыменбірлескенжұмыскеңесіөтті.
ЖИТ Сорталығының мамандары 2024 жылы Алматы облысының түзеу мекемелерінде АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды, ҚРДСМ 27.11.2020 ж. №211б ұйрығына сәйкес АИТВ-инфекциясы антиденелеріне арнайы контингентті тестілеумен қамтуды талдауды, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде АИТВ-инфекциясын тіркеуді, сондай-ақ АИТВ-мен түзету мекемелеріндегі АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды динамикалық бақылаудың көрсеткіштерін ұсынды.
ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары Г. Жақанова:
- «Арнайы контингентке медициналық қызмет көрсету денсаулық сақтау басқармасына берілгеніне қарамастан, қылмыстық-атқару жүйесі Департаментімен, облыстық денсаулық сақтау басқармасымен және ЖИТС орталығымен АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ведомствоаралық бірлескен жұмыс өзекті болып қала береді» - деп атап өтті.
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі М. Сабыров қаралған мәселелер ҚАЖД дәрігерлері мен талқыланатынын және жақын арада оларды шешу жолдарын беретінін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар тілектерімен алмасты, ынтымақтастық және туындайтын мәселелерді жұмыс тәртібімен шешу туралы уағдаласты. Бас бостандығынан айырылғандар денсаулығын, оның ішінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қорғау жөніндегі жұмыс одан әрі ведомствоаралық сабақтастықты жалғастыра отырып күшейтілетін болады.