Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Желтоқсан 27, 2024
2024 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында «Жыл үздігі - 2024» республикалық конкурсына қатысқан дәрігер психотерапевт Ақтоты Ережепті салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Қазақстанның медицина жұмыскерлері қоғамының шешімі бойынша А.Ережеп денсаулық сақтауды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «I дәрежелі Ибн Сина» орденімен және «Денсаулық сақтау үздігі» орденімен марапатталды.
А. Ереже психотерапия және наркологияда 20 жылдан астам тәжірибесі бар жоғары санатты дәрігер, Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында 5 жылдан астам жұмыс істейді. Клиникалық көрсеткіштері бойынша ерікті және құпия түрде өтініш жасаған адамдарды қабылдап, консультациялар өткізеді. Халықтың негізгі топтарына және есепте тұрған АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға психоәлеуметтік кеңес беру шараларын өткізеді.
Орталық директоры К. Аскаров халыққа сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы барлық қызметкерлердің рөлін атап өтіп, Ақтоты Қыдырбайқызын құттықтап, жұмыста сәттілік тіледі.