АИТВ мәселелері бойынша өткізілген Жастар форумы

 

Қараша 29, 2024

1 желтоқсан күні аталып өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Дүниежүзілік науқанға Алматы қаласы да қосылды.  Бүкіл әлемдегі адамдар АИТВ-мен өмір сүретін немесе АИТВ-инфекциясына қатысы бар адамдарға қолдау көрсету үшін бірікті. Науқанның ұраны – «Дұрыс жолды – адам құқықтарының жолын таңда».

28 қараша күні С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету, АИТВ туралы білу, оның алдын алу мәселелеріне қатысты форум өтті. Іс-шара Teenergizer, Y-PEER, Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының, «Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы»  ҚБ, КМПА бастамасымен ұйымдастырылды. 

Қазақ Форумы Алматы жастарының назарын АИТВ мәселелеріне аудару, алалаушылықты жою және өздерін және жақындарын қорғау үшін құралдар беру үшін ұйымдастырылған.

Алматы жастар қаласы болып саналады: Қазақстанның статистика комитетінің деректері бойынша қала халқының 30% - ға жуығы 14 пен 29 жас аралығындағы жастар. Біздің қала-жыл сайын мыңдаған студенттер мен жас мамандарды тартатын білім беру, мәдени және әлеуметтік бастамалардың орталығы.

Жастардың жоғары шоғырлануы АИТВ бойынша профилактикалық жұмысты ерекше өзекті етеді. Жастарға  аңыздардың әсеріне көбірек беріледі және олардың АИТВ-ның берілу жолдары мен алдын алу әдістері туралы білімдері жеткіліксіз болып келеді.  Статистика көрсеткендей, АИТВ-инфекциясының ең жоғары деңгейі халықтың ұтқырлығы мен әлеуметтік байланыстар саны жоғары болатын ірі қалаларда байқалады.

АИТВ таралуының алдын алу кешенді тәсілді қажет етеді:

  • АИТВ туралы білімдерін арттыру. АИТВ туралы аңыздардың көбісі ақпараттың жетіспеушілігіне байланысты болады. Форум осындай мифтерді жоққа шығарды.
  • Талқылау үшін қауіпсіз орта қалыптастыру. Жастар денсаулық туралы айтуға ұялады. Форумға қатысқан әрбір адамға қолдау көрсетілді және маңызды сұрақтарға жауаптар берілді.
  • Жастар белсенді қатысты. Жас көшбасшылар, мысалы Teenergizer өкілдері, қоғамға позитивті өзгерістер енгізу жолдарын көрсетті.

Қатысушылар АИТВ-ға тест тапсырып, психоәлеуметтік  кеңес алып, өздерінің АИТВ-мәртебесін біле алды. Оны Алматы қаласы ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері жүргізді. Олар студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.

«АИТВ-мен өмір сүру: аңыздар мен шындық» симмуляциялық ойыны, «АИТВ дегеніміз не? АИТВ алдын алу және өмір сүру», «АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға психологиялық көмек көрсету» тренингтері жиналғандардың есінде қалды.

Соңында викторина өткізілді. Жеңімпаздар сыйлықтар алды.

Бүгінгі таңда жастар толерантты, салауатты және ақпараттандырылған қоғамды құра алатынын тағы да дәлелдеді.  Алматы жастары білім мен белсенді позиция әлеуметтік және медициналық құбылыстарға қарсы тұруға көмектесетінін дәлелдеп, еліміздің барлық жастарына үлгі бола алады.

барлық жаңалықтар »