РОП - 24 талқылау бойынша серіктестердің кездесуі

 

Ақпан 20, 2024

20 ақпанда Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы PepfarPEPFAR бағдарламасымен серіктесе отырып, 2024 жылғы 1 қазаннан бастап 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі қызметті қамтитын Өңірлік Операциялық жоспарды (РОП-24) талқылау бойынша әріптестер кездесуін ұйымдастырды.

Күн тәртібіне РОП-24 негізгі басым бағыттары мен алдағы екі жылға арналған бюджетті талқылау кірді. Кездесу АИТВ - инфекциясына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік сектор, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар мамандарының пікірлерін тыңдауға және ынтымақтастық жоспарларын келісуге мүмкіндік берді.

РОП-24 бірнеше күннен кейін Манилада өтеді. Форумда ЮНЭЙДС 95-95-95 нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті бағдарламалық өзгерістер айқындалады. АИТВ-ға қарсы шаралар бойынша тұрақты шараларды қамтамасыз ету үшін қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға инвестицияларды қарау жоспарлануда.

20 жыл ішінде PEPFAR бағдарламасы халық пен қауымдастықтардың қызмет көрсету сапасын жақсарту арқылы АИТВ-ның алдын алу, емдеу, зертханалық қолдау және жауаптарды күшейту бойынша күш-жігерді арттыруға көмектесуде.

 

  

барлық жаңалықтар »