Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Сәуір 18, 2024
ҚДИАҒО директоры Б.Байсеркин және ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресуге арналған Жаһандық қордың АИТВ бойынша ұлттық үйлестірушісі Т.Давлетгалиева 18 сәуірде-ЮНФПА-ның Алматыдағы субөңірлік кеңсесінің жаңа басшысы Серхио Эсперанза мырзамен жұмыс кездесуін өткізді.
ҚДИАҒО және ЮНФПА - бұрыннан келе жатқан іскер серіктестер, олардың есебінде бірнеше сәтті іске асырылған жобалар бар. Тиімді ынтымақтастық көптеген жылдар бойы жалғасып келеді.
Бүгінгі кездесуде тараптар Қазақстандағы АИТВ бойынша жағдайды, бірлескен жұмыс тәжірибесін талқылады, сондай-ақ ынтымақтастық үшін бағдарларды белгіледі.
Серхио Эсперанза мырзаның бұрын АИТВ саласында үлкен тәжірибесі бар, оның осы жолғы тәжірибесі де Қазақстанда да пайдалы әрі жемісті болатыны сөзсіз.