Болашақ медицина қызметкері АИТВ инфекциясы туралы білу керек

 

Ақпан 19, 2024

Алматы облыстық ЖИТС орталығы жыл сайын медициналық колледж студенттері арасында АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстарын жүргізеді. 2023 жылы Алматы облысындағы 9медициналық колледждерді презентациялармен және көрнекі материалдармен 1245 студенттер  қамтылып, 4047ақпараттық оқуқұралдары таратылды.

Алдын алу жұмыстары 2024 жылы жалғасуда, Алматы облысының ЖИТС орталығы Алматы облысында орналасқан «Аяжан-Қарасай», «Ұзынағаш медициналық колледжі» және «Нұржәрдем» студенттеріне семинар ұйымдастырды, 225 студент қамтылып, 312 ақпараттық оқуқұралдары таратылды.

Алдын алу жұмыстары бөлімінің мамандары студенттерге АИТВ инфекциясы туралы ақпарат беретін бейнероликтер көрсетті, сонымен қатар ауруханаішілік жұқтыру жолдарын мысал етті. 2023 жылы Алматы облысының эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат берілді.

 

барлық жаңалықтар »