Атырау қаласындағы көшпелі академия

 

Желтоқсан 9, 2023

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Атырауда 7-9 желтоқсан аралығында көшпелі ғылыми-практикалық академия өтті. 

ҚДИАҒО дерматовенеролог дәрігерлері Сания Оспанова және Әйгерім Идрисова әріптестерге практикалық көмек көрсету үшін Атырау өңіріне барды. Көшпелі академияның тақырыбы - "АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) бойынша өзекті мәселелер".

Амбулаториялық дәрігерлер Атырау қаласында облыстық тері-венерологиялық диспансердің стационарлық бөлімшесінде пациенттерді- ересектерді де, балаларды да қарап, тексеру жүргізді және клиниканы аралап шықты.

ҚДИАҒО дәрігерлері әріптестерге әлемдегі және еліміздегі АИТВ-инфекциясы туралы мәселелердің қазіргі жағдайы, қарым-қатынаста болғанға дейінгі профилактика, антиретровирустық терапия, ЖЖБИ бойынша қазіргі жағдай туралы айтып берді. Соңғы тақырыпты талқылауды ҚДИАҒО екінші оқу жылының резиденттері - А. Сарсеналы мен Е.Ващурина жүргізді.

барлық жаңалықтар »