Қазақстан ЖҚ грантын алды

 

Желтоқсан 8, 2023

Шығыс Еуропа мен Орталық Азия бойынша ЖИТС, туберкулез және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қор менеджері Т.Виниченконың Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Елдік үйлестіру комитетінің төрағасы В. Дудникпен, Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Б. Байсеркинмен кездесуі аясында 2024-2026 жылдарға арналған Гранттық келісімге қол қойылды.

 Грант АИТВ бағдарламасына бағытталған мемлекеттік қаржыландыруға қосымша болып табылады.

Гранттың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын  іске асырудың Жол картасымен толық үйлеседі және азаматтық қоғамның басымдықтарына сәйкес келеді.

АИТВ-ның алдын алу жөніндегі өңірлік орталықтарды қолдау және грант алушы болып табылатын Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығын үйлестіру кезінде профилактикалық бағдарламаларды көрсету үшін халықтың негізгі топтарына қолжетімді болатын өңірлерде  үкіметтік емес ұйымдар Грант іс-шараларын жүзеге асыратын болады.

барлық жаңалықтар »