Зертхана қызметкерлеріне арналған семинар

 

Желтоқсан 1, 2023

Алматы қаласында 2023 жылы 30 қараша - 1 желтоқсанда зертхана қызметкерлері үшін «Орталықсыздандыру жағдайында АИТВ диагностикасының жаңа алгоритміне көшудің зертханалық аспектілері» оқыту семинары өтті.

Іс-шараны ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күреске арналған Жаһандық қор қаржыландыратын «Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы негізгі топтарға арналған қызметтердің тұрақтылығы» өңірлік жобасы аясында PAS орталығы ұйымдастырды.

Семинар бағдарламасы АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі өңірлік орталықтардың зертхана қызметкерлеріне арналған және АИТВ-ға жаңартылған тестілеу стратегиясына көшуді ұйымдастыру, әртүрлі денсаулық сақтау жүйелері арасындағы үйлестіру, персоналды оқыту, тестілеу сапасын бақылау және мониторинг пен бағалаудың тиімді жүйесін әзірлеу мәселелеріне арналған.

барлық жаңалықтар »