ПАВЛОДАРДАҒЫ ЗИЯТКЕРЛІК КВЕСТ ОЙЫНЫ

 

Қараша 28, 2023

Павлодарда «Динамо» дене шынықтыру-спорт кешенінде облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Мен спортты таңдаймын» есірткіге қарсы зияткерлік квест ойыны өтті. Челлендж салауатты өмір салтын насихаттауға, жастар арасында нашақорлық пен тәуелділіктің алдын алуға бағытталды.

        Павлодар АИТВ орталығының мамандары «АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша қауіпсіздік маршруты» бекетін ұйымдастырып, бірлескен зияткерлік квест-ойынға белсенді қатысты. Ойын ережелеріне сәйкес ойынға қатысушылар АИТВ-инфекциясы туралы сұрақтарға жауап беруі, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған облыста өтіп жатқан науқан туралы хабардарлығын көрсетуі қажет болды.

        Жастар «Көшбасшылық – қоғамдастықтарға» науқаны, АИТВ-ның берілу жолдары мен салдары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік туралы өздерінің хабардарлығын көрсетті. Шараға қатысушылар бірауыздан салауатты өмір салтын таңдау керек деген пікірде болды.

Облыстық АИТВ-инфекциясы орталығының мамандары балаларға ақпараттық-білім беру материалдарын таратып, жастардың сұрақтарына жауап берді.

барлық жаңалықтар »