ЕКІБАСТҰЗДАҒЫ ГРЭС-1 АКЦИЯСЫ

 

Қараша 24, 2023

Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1-де Дүниежүзілік      ЖИТС-пен күрес күніне арналған ауқымды акция өтті. Кәсіпорынның акт залында энергетиктер, машинистер, электрмен дәнекерлеушілер, менеджерлер, инженерлер, экономистер жиналды.

АИТВ орталығының Екібастұз бөлімшесінің дәрігер-эпидемиологы Ұлжан Мүбәрәкова акция қатысушыларына өтіп жатқан «Көшбасшылық – қоғамдастықтарға» науқанының міндеттері туралы айтып берді.                ГРЭС-1-нің алпыстан астам қызметкері көптеген жаңа ақпаратпен танысты: облыстағы эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-ның берілу жолдары және адамға қауіп төндірмейтіні туралы. Дәрігер қоғамдастықтарға үлкен үміт артылатынына назар аударды. Егер үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдастықтар күресті басқаратын болса, сонда ғана нәтижеге қол жеткізуге болады.

АИТВ-инфекциясы мәселесі барлығына әсер етуі мүмкін. Сондықтан адам өзінің АИТВ-статусын білуі, кезінде тексерілуі маңызды. Бүгінгі таңда жыл басынан бері 140 мыңнан астам адам АИТВ-ға тексерілді, бұл облыстың әрбір алтыншы тұрғыны өзінің АИТВ-мәртебесі туралы біледі дегенді білдіреді.

ГРЭС-1 акциясы қызметкерлер үшін медициналық пунктте АИТВ-ға жедел тестілеумен аяқталды. Барлық тілек білдірушілерге құпия тексерілу мүмкіндігі берілді. Кәсіпорынның басшысымен бірге                            25 қызметкері осы процедурадан өтті.

 

барлық жаңалықтар »