Алматыда АИТВ алдын алу туралы  роликтер

 

Қараша 22, 2023

Алматылықтар мен қала қонақтарының АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы ақпарат білу мүмкіндіктері артты.

«Форум», «АДК», «Мәскеу» сауда-ойын-сауық орталықтарында, сондай-ақ «Алматы-1» және «Алматы-2» вокзалдарының аумақтарында күн сайын әлеуметтік роликтер көрсетіледі. Оларда АИТВ-ны жұқтыру жолдары және одан қорғалу шаралары, денсаулықты сақтау қажеттілігі туралы ақпарат, сондай-ақ қауіпті жағдайда қоңырау шалуға болатын сенім телефонының нөмірі қолжетімді түрде берілген.

- Қоғамдық жерде пайдалы ақпарат алу - ол жақсы идея. Бейнероликтер жарқын, ақпаратты, ешкім қарамай өтпейді, - дейді студент Асқар.

- Роликтерде халыққа қажетті ақпарат бар. Әсіресе жастар үшін. Егер әр адам өз денсаулығына жауапты болса, АИТВ тоқтатуға болатынына сенімдімін, - өз пікірімен педагог Анна бөліседі.

Роликтер «Көшбасшылық – қоғамдастықтарға» ұранымен Алматы қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығымен серіктестікте «Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы» Қоғамдық бірлестігімен дайындалған.

барлық жаңалықтар »