Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қараша 20, 2023
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында Қазақстан "Көшбасшылық - қоғамдастықтарға " ұранымен өтетін ЮНЭЙДС Дүниежүзілік науқанына қосылды.
Науқан 20 қарашада басталып 1 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.
"Егер індетпен күресуді қоғамдастықтар басқарып, қолға алса, әлем ЖИТС-ты тоқтата алады. АИТВ індетіне тап болған қоғамдастық ұйымдары ЖИТС-ке қарсы тұру үшін алдыңғы қатарда тұр. Қоғамдастықтар адамдарды нақты адамға бағытталған денсаулық сақтау қызметтерімен байланыстырып, сенімділікті арттырады, инновацияларды енгізеді",- деп атап өтті ЮНЭЙДС.
Дүниежүзілік науқан аясында еліміздің барлық өңірлерінде ҮЕҰ және қоғамдастықтармен бірлесіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары туралы халықтың білімін арттыруға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға стигма мен кемсітушілікті еңсеруге бағытталған түрлі іс-шаралар өткізілетін болады.
1 желтоқсанда ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі барлық орталықтарда Ашық есік күндері, Алматыда - баспасөз конференциясы жоспарлануда.
Бүгінде Қазақстанда АИТВ-мен ауыратын 31 мыңнан астам адам тұрады, ол аурудың негізгі берілу жолы жыныстық қатынас болып табылады.