Қазақстанда жанасуға дейінгі профилактика (ЖДП) қызметін арттыру

 

Мамыр 25, 2023

Қазақстанда жанасуға дейінгі профилактика (ЖДП) қызметін арттыру

25 мамырда өткен жиналыста ҚДИАҒО-да Қазақстанда АИТВ-ның жаңа жағдайларын төмендету үшін халықаралық ұсыныстарды ескере отырып, жанасуға дейінгі профилактиканы арттыру жоспарына енгізу бойынша іс-шаралар талқыланды.

Жиналысты ҚДИАҒО директоры Б. Байсеркин ашты, ол: «Бүгінгі таңда ЖДП АИТВ-ның аралас профилактикасының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. ЖДП ДДҰ-ның соңғы ұсынымдарына сәйкес «Ересектердегі АИТВ-инфекциясы» клиникалық хаттамасына енгізілген және мемлекет есебінен толық қамтамасыз етіледі. Оны кеңейту үшін қоғамдастықтың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін шоғырландыру қажет» деп атап өтті.

Елде ЖДП барлық негізгі топтарға беріледі. Бүгінде бұл қызметті 1112 адам пайдаланады: 

-594 - ЕЖЕ,

-131 - секс жұмысшылар,

-175 - есірткі тұтынатын адамдар,

- 7 – транс адамдар,

-205 - дискордантты жұптар.

ЖДП Алматы, Қарағанды және Қостанай облыстарында сұранысқа ие болып тұр.

СДС өкілі Диана Станачев  қатысушыларды ЖДП мәселелері бойынша халықаралық ұсынымдар мен жағдайларға шолу жасаумен таныстырды. Ол 2022 жылдың соңына қарай ЖДП әлемнің 93 елінде қолданылатынын атап өтті.

2015 жылы ДДҰ алдын алудың кешенді пакетінің бөлігі ретінде АИТВ жұқтыру қаупі жоғары барлық адамдарға ЖДП ұсынды. ҚР-да ЖДП 2021 жылдың шілдесінен бастап енгізілген.

2026 жылға қарай Қазақстанда негізгі топ өкілдерінің 20 пайызына дейін ЖДП пайдалана алады деп жоспарлануда. Бұл жұмысты ПЕПФАР мен Жаһандық  қор ынтымақтастығында ҚДИАҒО жүргізбек, бұдан әрі қызмет ҮЕҰ-ға берілетін болады.

барлық жаңалықтар »