Халықаралық медбикелер күніне орай

 

Мамыр 11, 2023

Заңгер дәрежесі бар медбике

 

Бұл жігерлі медбикені ҚДИАҒО пациенттері бірден есінде сақтап қалады. Әйгерім Оразбек – жас, кәсіби, жанашыр маман!

Әйгерім медицинаға кездейсоқ тап болды. Бала кезінен заңгер мамандығы туралы армандаған. Университеттің заң факультетін бітірген. Бірақ мамандығы бойынша жұмыс таба алмады. Сіз бір арманға жетуге тырысасыз, бірақ басқа арманыңызға тап келесіз, кейін ол сіздің басты арманыңыз айналады, бұл өмірде болатын жағдай.

Жұмыс іздеп, ол ауруханаға санитарлық көмекке келген. Басында қорқынышты болған екен, ол жұмысты жасай алмайтындай көрінген. Бірақ содан кейін ол үйреніп, барлығын игеріп, оқуға түсіп, медициналық колледжді тәмәмдаған.

Бірақ Әйгерім өзінің білімін, дағдылары мен энергиясын көбірек іске арнағысы келді. Бұл жолы тағы да кездейсоқтық көмектесті. Ол ҚДИАҒО-ның жанынан өтіп бара жатып, ештеме жоспарламай мекемеге келген. Бірақ қызға сенетін сезімтал, жанашыр мамандар жолықты. Солай Әйгерім медбике болып жұмыс істей бастады.

Оның күш-жігері мен табандылығын әріптестері бірден байқаған. ҚДИАҒО-да тәлімгерлік, тәжірибе мен дағдылар үлкен мамандардан жас мамандарға ықыласпен беріліп отырады. Әйгерімнің жақын тәлімгерлері - аға медбике Жанна Серікболқызы Үшірбақиева және процедуралық медбике Қарлығаш Тұрсынғазықызы Анапияева болды.

- Әйгерім – үнемі білімін толықтырып жүретін, сонымен қатар кез-келген мәселені тез шеше алатын маман, жауапкершілігі жоғары. Қазір бөлімде ол менің оң қолым. COVID-19-ға байланысты карантин кезінде, бізде науқастарға арналған бөлімше ашылған кезде, Әйгерім бірінші болып онда жұмыс істейтінін және сол күйінде қалатынын айтты. Ол сондай-ақ айти технологиясын жақсы біледі, әрқашан бәріне көмектеседі! - дейді аға медбике Ж.С. Үшірбақиева.

Қазір Әйгерім - пост медбикесі. Таңертеңнен кешке дейін жұмыста беріліп істейді, науқастарға арналған процедуралар, емдеуді бақылау, дәрігерлермен өзара әрекеттесу сияқты істерді атқарады. Шаршайды, бірақ оған ешқашан шағымданбайды. Өйткені, ол үшін жұмысы сүйікті ісі!

2020 жылы Әйгерім Оразбек қажырлы еңбегі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2022 жылы Медеу ауданы әкімінің грамотасымен марапатталды.

барлық жаңалықтар »