Тиімді диалогтан - іс-әрекетке

 

Ақпан 3, 2023

Алматыда 2-3 ақпанда мемлекеттік, халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері АИТВ - инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу, қызметтерді кеңейту, ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

Ұйымдастырушы - ҚДИАҒО ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу үшін Жаһандық қормен серіктестікте мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың өзара іс-қимылын, әріптестігін нығайту бойынша диалог алаңын өткізді.

Қатысушылар бүгінде профилактикалық бағдарламалармен қамту мынадай (пайызы) екенін атап өтті :

- ИЕТ - 60

- ЕЖЕ - 20

АИТВ-ға тестілеу халықтың негізгі топтарының (ХНТ) 80 пайызын қамтыды. Елде АИТВ-ны анықтаудың 43 пайызы ХНТ өкілдеріне тиесілі. Жаңа жағдайлардың төрт пайызға жуығы ҮЕҰ бағыттары бойынша тіркеледі.

ЮНЭЙДС 95-95-95 стратегиясының индикаторларын орындау ағымдағы жылдың басында:

- АӨА-ның 87 пайызы өз мәртебесін біледі,

- Олардың 84% - ы АРТ қабылдауда,

- Олардың 87% -да виру вирустық жүктеме басылған.

Қатысушылар ҮЕҰ базасында профилактикалық қызметтерді кеңейту мүмкіндіктерін, үкіметтік емес ұйымдар мен негізгі топтардың ЖИТС орталықтарымен өзара іс-қимылының кедергілерін, ҮЕҰ-ның байланысқа дейінгі профилактиканы танымал етуге қосқан үлесін талқылады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бөлу шеңберінде АИТВ бағдарламаларын қаржыландырудың тұрақты тетіктерін нығайту тақырыбы ерекше пікірталас тудырды.

Жақын арада АИТВ, гепатит, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алуды кеңейтудің аралас әдістеріне қолжетімділікті жақсарту жоспарлануда. Қазіргі заманғы тәсілдерді пайдалана отырып, халықтың барлық негізгі топтарына байланысқа дейінгі профилактиканы ұсыну және АИТВ-ға тестілеу ауқымын кеңейтуге назар аударылады. ДДҰ-ның соңғы ұсынымдарына сәйкес бірқатар нормативтік құжаттарды қайта қарау, нұсқаулықтарды, АИТВ-ны емдеу хаттамаларын жаңарту жоспарлануда.

барлық жаңалықтар »