АИТВ-ныңалдыналубойыншаоблыстық семинар

 

Қантар 26, 2023

2023 жылдың 26 қаңтарында Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығының базасында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 13 бұйрығына сәйкес, қалалық және аудандық бастапқы медико-санитарлық ұйымдардың госпиталды эпидемиологтары мен жеке меншік медициналық ұйымдардағы ЖИТС-ке жауапты дәрігерлері арасында «Медицна ұйымдарында АИТВ инфекциясының алдын алу шараларының жағдайы және тестілеудің преаналитикалық кезеңіне қойылатын талаптар» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

 Шараны орталықтың директоры Қ.Нұрмұханова шып, орталықтың бөлім меңгерушілері АИТВ-ға медициналық ұйымдарға тіркелген тұрғындарды тестілеу, жүкті әйелдерді және олардың жыныстық серіктестерін тексеру, биоматериалды алу, тасымалдау, сақтау, кәсіби берілуден алдын алу туралы талқыланды.

 Қатысушыларға семинарға дейінгі және кейінгі тестілеу жүргізілді. Жиналғандар тақырып аясында сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Қамтылғандар саны: 45 адам.

барлық жаңалықтар »