Жаһандық қордың елдік командасымен кездесу

 

Қантар 19, 2023

19 қаңтарда Алматы қаласында Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығына ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресуге арналған Жаһандық қордың (ЖҚ) елдік командасы сапармен келді.

Елдік команданы ЖҚ портфолио менеджері Татьяна Винниченко, ЖҚ бағдарламаларын мониторингтеу және бағалау жөніндегі маманы Дэвид Кокиашвили, тұрақтылық, ауысу және қаржыландыру жөніндегі маман Корина Максим бастаған топ алып келді.

Кездесуге ҚДИАҒО қызметкерлері, Қордың жергілікті агенттері, АИТВ-инфекциясы және туберкулез мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі Елдік үйлестіру комитетінің өкілдері және гранттың суб контрактерлері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасында АИТВ компоненті бойынша Жаһандық қор грантының іске асырылу барысын және 2024-2026 жылдарға арналған Жаһандық қор грантының өтініміне енгізудің негізгі бағыттарын талқылады.

 

барлық жаңалықтар »