Алматыда 2022 жылы 38 мыңнан астам донор АИТВ-ға тест тапсырды

 

Қантар 19, 2023

19 қаңтарда,  ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері 2022 жыл бойынша, Алматы қаласының қан орталықтарымен және медициналық ұйымдардың трансфузиологтарымен бірлескен жұмыстың қорытындысын шығарды.

Кеңеске қатысушылар АИТВ-инфекциясына тексеру статистикасында донорлардың үлес салмағының өскенін атап өтті. Қан орталықтарында барлығы 38 мыңнан астам адам тестілеуден өтті.

Қан мен оның компоненттерінің, жыныс жасушалары мен эмбриондардың, тіндер мен мүшелердің донорлары үнемі дәрігерлердің назарында болады. Медициналық бақылауда реципиенттер де бар.

Қатысушылар АИТВ-ға эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша донорларды, реципиенттерді, ұзаққа созылған қан ауруларын және гемодиализдегі адамдарды тексеру мерзімдерін нақтылады.

Бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру үшін ұсыныстар қабылданды. Олардың ішінде: есептік құжаттаманы сапалы жүргізу, реципиенттерге АИТВ-ға тестілеуге міндетті ұсынымдар беру, есептерді уақтылы ұсыну.

барлық жаңалықтар »