Жаңа жылдық шырша балаларға қуаныш сыйлады

 

Желтоқсан 28, 2022

БүгінЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығындажаңажылдықшыршаөтті.


Шырша шамын жағуға жиналған балалар Аяз ата мен Ақшақарды ерекше қуанышпен қарсы алып, ән мен би, мәнерлеп өлең оқу өнерін ортаға салды.
Ата-аналар мен орталық мамандары түрлі анимациялық бейнелердің киімін киіп, көтеріңкі көңіл-күймен жаңа жылды қарсы алған бүлдіршіндер ертегілер еліне саяхаттады.
Орталық тарапынан балаларға тәтті сыйлықтар, ойыншықтар табысталды.

Шара соңында көңіл күйлері шаттыққа толы балалар мен ата-аналар мерекелік дастарханнан дәм татып, мерекені ұйымдастырған дәрігерлерге жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

барлық жаңалықтар »