Денсаулық пен сұлулық одағы

 

Желтоқсан 15, 2022

«ҚДИАҒО - бұл эстетикалық медицинаны дамытатын клиникалық дерматовенерологияның бейінді орталығы, өйткені денсаулықсыз сұлулықтың болуы мүмкін емес және болашақта стратегиялық тұрғыдан денсаулық, сұлулық және белсенді ұзақ өмір сүру әлемінде сенімді тұғыр болуы тиіс»!

Осылайша, дипломнан кейінгі білім бөлімінің меңгерушісі Оспанова Сәнімбала Әлмешқызы ғылыми орталық туралы сүйіспеншілікпен айтып,  жоғары баға береді және мақтанышпен былай дейді:

- Біздің орталықтың мамандары - профессорлар, медицина ғылымдарының докторлары, кандидаттары, медицина және медицина ғылымдарының магистрлері, жоғары санаттағы практика дәрігерлері,  олар бүкіл әлемдегі халықаралық конференцияларға қатысып, ғылыми жұмыспен айналысады, өздерінің кәсіби білімін үнемі шыңдап отырады, прогрессивті және жаңашыл медициналық технологияларды меңгерген. Кәсіби шеберлігінің, терең теориялық білімі мен бірегей практикалық тәжірибесінің үйлесімі негізінде  дәрігерлер әріптестерімен авторлық әдістемелері жөнінде пікір алмасады, практикалық клиникалық жағынан тәжірибе алмасады.

Сәнімбала Әлмешқызы ҚР ДСМ Тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институтында аспирантураны (ТВҒЗИ, 2019 жылдан бастап – ҚДИАҒО) бітірген, онда ғылыми қызметкер, сосын аллергодерматоздар және тұқым қуалайтын тері аурулары бөлімінің меңгерушісі, содан кейін венерология бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2018 жылы оның бастамасымен резидентура ұйымдастырылып, институт аккредиттеуден өтті.

Бүгінгі таңда ҚДИАҒО-да дерматовенерологиялық, ЖИТС-ке қарсы күрес қызметі және МСАК мамандары үшін біліктілікті арттыру циклдері өткізіледі. Мамандар «Ересектер, балалар дерматовенерологиясы» мамандығы бойынша резидентурада дипломнан кейінгі білімін жалғастырады.

Ғылыми орталықтың базасында клиникалық хаттамаларға сәйкес созылмалы дерматозбен ауыратын және ЖЖБИ бар пациенттерге амбулаториялық және стационарлық емдеу жүргізіледі. Орталық еліміздің тері-венерологиялық қызметінің оқу-әдістемелік орталығына айналды, онда дерматокосметология, трихология, корнеология, подология енгізілген. 

Корнеотерапиямен, бальнеотерапиямен үйлесімді фототерапияжәне витилигода (кең таралған, сегменттік, акральды түрлері); псориазда (кең таралған, вульгарлы, түйіншекті, тамшы тәрізді, эритродермия, артропатия); қызыл жалпақ теміреткіде, түйінді қышымада, атопиялық дерматитте және басқа да дерматоздарда дәрісалудың ішкі дермальды технологиялары сияқты әдістеркеңінен қолданылады.

Дәрігерлер кешенді фототерапиядан (UVB 311 нм)кейін витилигоны емдеудің дерматохирургиялық әдістерін қолданады: меланоциттерді, кератиноциттерді (жасуша суспензиясы-skin cell suspension, шаш фолликуласы - hair follicle) терінің депигментирленген аймағының дермабразиясынан кейін алмастыру.

Орталықта заманауи корнеотерапия және инновациялық дерматокосметология қағидаттары бойыншапациенттерге, әсіресе безеу, розацея, бастағы шаштың десквамативті аурулары: майлы, құрғақ қайызғақ; себореялық дерматит; бастағы шаш  псориазы, алопеция және т.б. сияқты жағдайларда ем жүргізу ұйымдастырылған. Кератодерма, ониходистрофия, онихомикоз кезінде клиникалық және эстетикалық оңалту үшіндәрілер мен  қалпына келтіретін құралдарды енгізе отырып, мүйізді қабат пен тырнақ пластиналарының аппараттық десквамациясы кеңінен қолданылады.

Ауруларды диагностикалауда Vision Derma бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы Heine 20 Т Дерматоскопын пайдаланады- Цифрлық дерматоскопия сандық және сапалық деректерді алуға мүмкіндік береді, бұлардыбасқа әдістермен алу мүмкін емес немесе бұл айтарлықтай уақыт және қаржы шығындарын талап етеді. Vision Derma дерматоскопия үшін бағдарламалық қамтамасыз ету-зерттеудің, есептерді дайындаудың және дерматоскопиялық жағдайларды қараудыңцифрлық шешімі, меланоцитарлық, тамырлы және амеланоцитарлық тері ісіктерінен басқа, созылмалы және паразиттік дерматоздарды динамикада емдеуді бақылау.

- Бірақ біздің орталықтың басты ресурсы –өз ісінің кәсіпқойадамдары, - деп әңгімесін жалғастырады Сәнімбала Әлмешқызы, - Профессор Зейнеп Батылханқызы Есенғараева, жоғары санаттағы дәрігер Қожаева Айгүл Зейнуллақызы, оқытушылар: Суханбердиева Зарина Маратқызы, Идрисова Әйгерім Серікбайқызы, Искакова Айжан Тұрарбекқызы, Аринова Әсел Нұртайқызы, емшара жасау кабинетінің мейіргері Бекенова Камила Батырханқызы, зертханашы Кулигина Галина Сергеевна және тағы көптеген мамандар.

Жұмыстағы тағы бір өте маңызды ұғым-бұл болашақ. Ғылыми орталықта бұл бар. Диагностикалық мақсатта Конфокальды лазерлік сканерлеу микроскопиясы (KJICM) қарастырылады. Ол зерттелетін элементтің морфологиясын in vivo сияқты бағалауға мүмкіндік береді, яғни терінің тұтастығын бұзбай,терінің құрылымын нақты уақыт режимінде, төрт өлшемде - тереңдігін, енін, ұзындығын және уақытынзерделеу, сонымен қатар тіндердің жазылу және регенерация процесін бақылау. Бұл осы әдісті «өмір бойғы биопсия», тіпті «виртуалды биопсия» деп атауға мүмкіндік берді. Отандық дерматологияға арналған KJICM тері морфологиясын және оның құрылымдарын әртүрлі дерматоздарда және ісіктерде өмір бойы зерттеудің жаңа және перспективалы әдісі болып табылады.

барлық жаңалықтар »