Маңғыстау облысындағы баспасөз конференциясы

 

Желтоқсан 1, 2022

2022 жылдың 1 желтоқсанында Маңғыстау облыстық ЖИТС орталығының базасында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясына орталық басшылығы, бөлім меңгерушілері, эпидемиолог дәрігерлер, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілдері, "Мейірбике"медицина колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Баспасөз конференциясында орталықтың қызметі, облыстағы эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат ұсынылды.

Журналистердің барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Бұл күні ЖИТС орталығында "Ашық есік күні" жарияланды, оның барысында еріктілер АИТВ-инфекциясына жедел тестілеуден тегін және құпия түрде өтті.

барлық жаңалықтар »