АИТВ-ға тестілеуде инновацияларды іздеу

 

Желтоқсан 1, 2022

30 қараша-1 желтоқсанда ҚДИАҒО қызметкерлері Алматыда өткен АИТВ-ға тестілеу бойынша Орталық Азия жұмыс кеңесіне қатысты.

Іс-шара Орталық Азиядағы негізгі және басқа да басым топтар арасында АИТВ-ға тестілеудің қолданыстағы стратегиялары мен тәсілдерін қарастыру мақсатында және PEPFAR қолдайтын сайттарда АИТВ-тестілеу тәсілдерінің тиімділігін арттыру үшін инновациялық идеяларды әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды.

Қатысушылар:

- АИТВ-ға тестілеумен қамту және бірнеше деерккөздерді пайдалана отырып, халық топтары бойынша алғашқы "95" - ке қол жеткізудегі прогресс;

- АИТВ-ға тестілеу бойынша жаһандық ұсынымдар мен негізгі және басқа да мұқтаж топтарды, соның ішінде өзін-өзі тестілеу тәжірибесін қамтудың үздік тәжірибелері;

- өңірде өзін-өзі тестілеу бойынша қолданыстағы ұсынымдар мен саясаттар жөнінде шолумен танысты.

Жұмыс кеңесі барысында халықтың негізгі, басым және басқа да мұқтаж топтарын АИТВ-ға тестілеу бойынша, соның ішінде ДКП мен АРТ-ға тестілеу бойынша әрбір елдің үздік тәсілдерімен, сондай-ақ АИТВ-ға тестілеуге, оның ішінде өзін-өзі тестілеуді таратуға негізгі топтарды тарту бойынша әрбір елдің үздік практикасымен тәжірибе Алмасты.

барлық жаңалықтар »