Ашық есік күні

 

Желтоқсан 1, 2022

1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні Алматы қаласының ЖИТС орталығы алматылықтарды Ашық есік күніне шақырды.

Таңертеңнен бастап тілек білдірушілер Басенов көшесі 2, 4-корпус мекенжайына асықты. Оларды медицина қызметкерлері мен еріктілер күтті. Әрбір алматылық үшін сапар қызықты әрі пайдалы болды.

102 адам АИТВ-инфекциясына тестілеуден өтті. Тестті ИХЛА/ИФА және жедел әдістерімен тапсыру мүмкіндігі болды. Екінші жағдайда, сіз өзіңіздің АИТВ-статусыңызды 20 минут ішінде біле аласыз. Барлық тестен өтушілерге медициналық қызметкерлер тестке дейінгі кеңес беріп, сұрақтарға жауап берді.

АИТВ-ның қалай берілетінін, өзіңізді вирустан қалай қорғауды және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын білгісі келетіндер үшін шағын тренингтер ұйымдастырылды. Дәрігерлер АИТВ-ның берілу жолдары мен қорғаныс әдістері туралы айтты. Пайдалы танымдық ақпаратты Орталықта көрсетілген роликтерден алуға болады.

Ашық есік күніне қатысушылардың әрқайсысы пайдалы ақпараты бар буклет алды.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін бұл күні дәрігерлердің қабылдауы ұйымдастырылды: гинеколог, педиатр, эпидемиолог, психолог, сондай-ақ шақырылған мамандар : онколог, онкомаммолог және гепатолог қабылдады. 54 адам шақырылған мамандардың қабылдауынан өтті.

барлық жаңалықтар »