АИТВ және туберкулез бойынша өңірлік кеңес

 

Қараша 25, 2022

24-25 қарашада Стамбул қаласында қазақстандық мамандар "Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі АИТВ/ЖИТС және туберкулез" атты өңірлік кеңесіне қатысты.

Қатысушылар халықаралық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, соның ішінде - Жаһандық қор, ДДҰ, "Туберкулезді тоқтату" серіктестігі, ЮНЭЙДС, Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы, Элтон Джонның ЖИТС-ке қарсы күрес қоры және тағы басқалары Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі (ШЕОА) АИТВ/ЖИТС және туберкулезбен байланысты жағдайды талқылады.

Белсенді пікірталастар мынадай тақырыптарды қозғады:

- АИТВ және туберкулез бойынша бағдарламаларды іске асырудағы прогресс және проблемалар;

- ЮНЭЙДС "95-95-95"мақсатына қол жеткізудегі прогресс;

- Жанасуға дейінгі профилактиканы енгізу /ұлғайту.

Өңірлік кеңесте Қазақстанның қазіргі кезеңдегі сын-қатерлерді еңсеру және туберкулезді емдеуді жақсартудағы ілгерілеу жолдары, сондай-ақ денсаулықты сақтау үшін өміршең және орнықты жүйелер бойынша тәжірибесі таныстырылды.

Қатысушылар денсаулықты сақтау үшін өміршең және тұрақты жүйелер бойынша инвестицияларды қоса алғанда, 2023-2025 жылдарға арналған Жаһандық қор стратегиясының және ШЕОА аймағындағы стратегияның басымдықтарын анықтады, сондай-ақ қаржыландыруға өтінім берудегі процестер: негізгі өзгерістер мен негізгі сәттерді талқылады.

барлық жаңалықтар »