Инъекциялық есірткі қолданатын адамдардың АИТВ-ға тестілеумен қамтылуын ұлғайту жөніндегі жұмыс кеңесі

 

Қараша 17, 2022

2022 жылғы 17 қарашада Петропавлда инъекциялық есірткі қолданатын адамдарды АИТВ-ға тестілеумен қамтуды ұлғайту мақсатында «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ Емдеу-алдын алу қызметін үйлестіру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ринат Үлмесековтің төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының, ЖИТС орталығы мен Психикалық денсаулық орталықтарының жұмыс кеңесі өтті.

Жұмыс кеңесін ЖИТС өңірлік орталығының директоры Айран Сыздықова ашты.

Күн тәртібінде: Солтүстік Қазақстан облысындағы ағымдағы эпидемиологиялық және наркологиялық жағдай; әрбір алты ай сайын және есепке қою кезінде, соның ішінде 2022 жылғы он айдың қорытындысы бойынша жедел тестілермен, ИЕҚТ-ны тестілеу.

Бірінші мәселе бойынша ЖИТС ОО эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Н. Гордымова, екінші мәселе бойынша – ПДО АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша жауапты дәрігері Т. Евтушенко сөз сөйледі. Кеңес барысында қалалық емханалардың бастапқы психикалық денсаулық орталықтарының меңгерушілері (психиатр-нарколог дәрігерлері) есеп берді.

Қатысушылар проблемалық мәселелерді талқылады және өзекті мәселелерді шешудің бірлескен жолдарын әзірледі.

Кездесу қорытындысы бойынша әрбір ұйымға ИЕҚТ-ны тестілеумен қамтуды арттыру мақсатында тапсырмалар берілді.

Соның ішінде психикалық денсаулық орталығына медициналық куәландыруға жеткізілетін психобелсенді заттарды инъекциялық пайдалануға күдікті адамдарға АИТВ-инфекциясының болуына ерікті және құпия тексеруді ұсыну тапсырылды.

барлық жаңалықтар »