ОАЖДЗО бірлескен директорымен кездесу

 

Қараша 11, 2022

11 қарашада Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығында Колумбия университетінің Әлеуметтік жұмыс мектебінің профессоры доктор Луиза Гилберттің "Бридж" жобасы бойынша Орталық Азиядағы жаһандық денсаулықты зерттеу орталығының (ОАЖДЗО) бірлескен директорларымен кездесуі болып өтті.

"Бридж" - "Халықтың осал топтарының Қазақстанда АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі қызметтерге қолжетімділігін жақсарту" атты төрт жылдық зерттеу жобасы ҚР-да 2016-2020 жылдары Алматы, Шымкент, Теміртау және Қарағанды қалаларында емханалар, облыстық/қалалық ЖИТС орталықтары және үкіметтік емес ұйымдар жанындағы сенім пункттері базасында іске асырылды. Зерттеудің мақсаты - АИТВ-инфекциясының алдын алу, тестілеу және емдеу қызметтерімен инъекциялық есірткі қолданатын адамдарды қамтуды арттыру.

Доктор Луиза Гилберт имплементациялық зерттеудің бірегейлігін атап өтті, ол ҚДИАҒО және ЖИТС аумақтық орталықтарымен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылды және оның нәтижелерін жоғары бағалады. Жоба аяқталғаннан кейін "АРТДУ: АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеу және қажетті қызметтерге қосу", "ҚР-да ИЕТ профилактикалық қызметтерін ұсыну бойынша" әдістемелік ұсынымдар дайындалды.

Кездесу барысында ҚДИАҒО директоры А. Әбішев осы жобаның құндылығын атап өтіп, ""Бридж" жобасының тәжірибесін басқа өңірлерге одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ бір терезе қағидаты бойынша (метадонды қоса алғанда) алынатын қызметтерді кеңейтуге қызығушылық білдірді. Қолданыстағы оқыту платформаларын пайдалана отырып, ЖИТС орталықтарының мамандары мен МСАК қызметкерлері үшін оқыту іс-шараларын өткізу арқылы дайындалған әдістемелік ұсынымдарды тарату қажеттілігіне назар аударды.

Кездесуге қатысушылар осы мәселе бойынша ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісті.

барлық жаңалықтар »