АИТВ саласындағы қажетті заңнамалық өзгерістер туралы

 

Қараша 9, 2022

9 қарашада Астанада Answer қоғамдық қоры ұйымдастырған дөңгелек үстелде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға (АӨА) қатысты қажетті заңнамалық өзгерістер мен құқық қолдану практикасы талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар арасында мемлекеттік, халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың, АӨА өкілдері болды.

ҚР ДСМ ҚДИАҒО директоры А. Әбішев өз сөзінде АИТВ-ға байланысты ҚР заңнамасының өзекті мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

ҚДИАҒО халықаралық сарапшылармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасының жобасын әзірледі. Құжатқа сәйкес "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекске, Қылмыстық кодекске, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекске халықтың негізгі топтары мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін, сондай-ақ ҚР аумағында АИТВ-мен уақытша тұратын, МӘМС жарналарын төлейтін босқындар мен шетел азаматтары үшін стигма мен кемсітушілікті төмендету бөлігінде өзгерістер енгізуге бастамашылық жасау жоспарлануда.

А. Әбішев сондай ақ басқа да маңызды заңнамалық құжаттарға ұсынылған өзгерістер туралы айтып берді.

барлық жаңалықтар »