Павлодарда Дүниежүзілік жүрек күніне арналған акция

 

Қырқұйек 29, 2022

Павлодар ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығында 29 қыркүйекте Дүниежүзілік жүрек күніне арналған акция өтті.

Науқан жүрек сияқты маңызды орган туралы жүрек-тамыр ауруларының алдын-алу жолын көрсету және хабардар болуды арттыруға шақырды.

ЖИТС орталығында іс-шара шеңберінде «Өз қан қысымыңды біл»  акциясы өткізілді. Залдағы мониторда «Стенокардияның алдын алу» бейнеролик көрсетілді. Осы күні терапевт барлық тілек білдірушілерге жүректің ишемиялық аурулар, ревмокардит және туа біткен жүрек ақаулары мәселесі бойынша кеңес берді. Дәрігер әңгіме барысында аурудың даму қаупін және жүрек қорғаудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

 Науқан кезінде медицина қызметкерлері 32 келушінің қан қысымын өлшеді. Осы күні көптеген адамдар жүрек ауруларын ерте алдын-алу туралы ақпарат алды.

барлық жаңалықтар »