Ақмола облысында психиатр-нарколог мамандарының күні

 

Қырқұйек 23, 2022

2022 жылғы 23 қыркүйекте Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу  орталығының алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі - Зоя Хван психиатр-нарколог дәрігерлердің облыстық семинарына қатысты.

Өз презентациясында спикер Ақмола облысындағы ағымдағы жылдың 7 айындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды ұсынды, АИТВ-инфекциясына инъекциялық есірткіні (ИЕТ) тұтынатын адамдарды тексеру мониторингіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы бұйрықтарына сәйкес есептік нысандарды ұсынуға егжей-тегжейлі тоқталды.

"ЖИТС орталығының мамандары зертханалық ақпараттық жүйеде ИЕТ-ге тегі жөнінде мониторинг, есепке алу кезінде тексеру кодтарының және инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдардың динамикалық бақылауда тұрғандарының сәйкестігін жүргізеді", - деп бөлісті З.Хван.

Сонымен қатар, орталықтың мамандары тексерілмеген ИЕТ-нің себептерін, жалтарған адамдарды іздеуге ресми сұрау салу жіберілген кезде полиция органдарымен кері байланыс бар ма екендігі жөнінде егжей-тегжейлі талдады.

Сөз соңында спикер аудандар мамандарының сұрақтарына жауап беріп және әрбір тілек білдіруші АИТВ-инфекциясының, вирустық гепатиттердің алдын алу және ИЕТ үшін "Зиянды азайту" бойынша ақпараттық-білім беру материалын ала алды.

барлық жаңалықтар »