ҚДИАҒО нормативтік құжаттарға өзгерістер дайындауда

 

Тамыз 24, 2022

23-24 тамызда ҚР ДСМ ҚДИАҒО клиникалық мониторинг бөлімінің мамандары Қоғамдық денсаулық қауымдастығымен бірлесіп, 2021 жылғы 16 шілдедегі "АИТВ-ның алдын алу, тестілеу, емдеу, қызмет көрсету және мониторингі бойынша жиынтық ұсынымдар" ДДҰ нұсқаулығына сәйкес ҚР нормативтік құжаттарына өзгерістерді талқылау бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Іс - шараға қатысушылар - аймақтық ЖИТС орталықтарының емдеу – алдын алу бөлімдерінің меңгерушілері - АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға (АӨА) медициналық қызмет көрсету бойынша ҚР нормативтік базасының шолуымен және бар олқылықтарымен танысты. Денсаулық сақтауды цифрландыру жағдайында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қазіргі заманғы талаптары туралы таныстырылым кеңестің тағы бір маңызды ақпараттық пункті болды.

Іс-шара барысында жиналғандар ДДҰ-ның соңғы ұсынымдарына сәйкес АӨА медициналық көмек көрсетуді регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды талқылады:

ересектер мен балалардағы АИТВ инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасы;

АИТВ-мен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету стандартының жобасы;

АИТВ-оң аналардан туылған 18 айға дейінгі балаларда АИТВ-инфекциясын диагностикалау алгоритмінің жобасы;

босануға дейінгі көмек деңгейінде АИТВ-позитивті жүкті әйелдерді жүргізу алгоритмі;

босандыру мекемелері деңгейінде және босанғаннан кейінгі кезеңде АИТВ-оң жүкті әйелдерді жүргізу алгоритмі.

Нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер АИТВ-инфекциясы бар науқастарды диагностикалау мен емдеу сапасын арттыруға және ҚР-да қолданылатын терапия схемаларын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Өзгерістерді енгізу ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.

барлық жаңалықтар »