Ол мейірімділік шуағын шашады.

 

Маусым 27, 2022

Қалибекова Бақыткүл Түймебайқызына үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Мен, Алматы қаласы ЖИТС орталығында ұзақ уақыт бақылауда болған  күдерімде осы медбикенің   "қолында"  болдым.

Орталықта  жүрген кездерде, пациенттердің  "бізді азаптайды"  деп айтқандарын  байқадым , бірақ менің жағдайымда бәрі  керісінше болды.

Мен орталыққа бірінші рет 2011 жылы түстім.  Оң нәтижемді білген кезде, өте қатты уайымдап, мүлдем диагнозыммен келіскім  келмеді.

Менің ең өкінген жерім, өзімнің наным-сенімдер қарай дәрігерге сенім арта алмадым (АРТ бастауды ұсынды), мен қорықтым, сондықтан өзіме де, дәрігерге де қиындық тудырдым.

Бақытгүл Түймебаевнаның келуімен менің дүниетанымым өзгерді. Мен АРВ терапиясын бастадым және уақтылы медициналық тексеруден өттім.

Медбике маған асқыну және емделусіз аурудың нәтижесі туралы бәрін түсіндірді.

Мен неге   Бақыткүл Түймебайқызына сендім? Себебі , ол өте шынайы  сендіре білді және одан мейірімділік пен жылулықты  сездім. Осы уақытқа дейін,  6 жыл бойы ол маған барлық қажетті медициналық қызметтерді үйде көрсететінін атап өткім келеді.  Және  ешқашан кемсіткен  емес.

Сондықтан, құрметті пациенттер, егер сіз осыны оқып отырсаңыз, онда мен барлығыңызды екі нәрсеге шақырамын:

  1. Медицина қызметкерлеріне сеніңіз. Кем дегенде, сіздің диагнозыңыз бойынша жүгінетін дәрігерлерге. Мен бәрін өз басымнан өткердім және олардың шеберлігіне күмәнім жоқ.
  2. Медициналық маманға қатысты дөрекі және әдепсіз сөйлеуге жол бермеңіз.

Менің тарихым  мыңның,  жүздің ішіндегі біреуі шығар,  сондықтан олардың әрқайсысының артында  үлкен шыдамдылық , еңбек және кәсіби тәжірибе бар екенін түсіну керек.

Нұрлан (аты өзгертілген)

# Рақметдарігер

барлық жаңалықтар »