АИТВ-бұл үкім емес!

 

Маусым 27, 2022

Челлендж #РақметДәрігер

Мен Ақтөбе облыстық

 ЖИТС орталығының емдеу - алдын алу бөлімінің меңгерушісі Жулумова Табига Джанабиловнаны 2010 жылдан бастап, менде АИТВ инфекциясы анықталған сәттен бастап таныймын.

АИТВ анықталғаннан кейін маған әлем тоқтап, одан шығудың жолы жоқ сияқты болып көрінді. Алда белгісіздік пен қорқыныш бар. Мен бұл инфекция туралы ғаламтордан оқи бастадым. Оның емделмейтінін білген соң, мен одан да көп депрессияға түстім. Айналамдағылардың бәрі менің ауру екенімді білетін сияқты көрінді және бұл сезім маған тыныштық бермеді.

Мен жалғыз қалғанда айнаға қарап, өзімді жексұрын сезіндім, осымен барлығы бітті және менің аз ғана өмірім қалды деп ойладым

Ұлыма қарап, мен оны қажет кезде тастап кетем бе деп қорқатынмын. Дәрігер Табиға Джанабиловна АИТВ-инфекциясы мен ойлағандай қорқынышты емес деп сендіргенге дейін мен осындай күйде болдым. Онымен сөйлескеннен кейін, менің өмір сүруге және жұмыс істеуге деген ынтам оянды. Мен дәрі-дәрмектерді қабылдай бастадым, соның арқасында мен көптеген жылдар бойы өмір сүре алатынымды түсіндім. Төбемнен қара бұлттар сейіліп, көп өмір сүретініме, қуандым!

Содан бері міне 12 жыл уақыт өтті, мені осы қалпымда қабылдайтын адамға тұрмысқа шықтым, ұлымда өсіп университетке оқуға түсті! Мен бақыттымын!

Рахмет, Сізге қымбатты дәрігер! Сізге табыс және сәттілік! Сіз бізге қажет жансыз!

Оксана (Науқастың өтініші бойынша аты өзгертілген)

барлық жаңалықтар »