Алдағы референдумды талқылаймыз

 

Мамыр 12, 2022

12 мамырда,  Алматы қаласы ЖИТС  алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау жөніндегі,  алдағы республикалық референдумға өздерінің қатысуын белсенді талқылады.

Президент Қасым-Жомарт  Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы  Жарлыққа қол қойды. "Енді біз конституциялық реформаны жүзеге асырудың мәресіне жеттік. Негізгі заңға енгізілген түзетулер біздің еліміз үшін тағдыршешті мәнге ие. Өзгерістер Конституция баптарының үштен біріне қатысты болады. Біздің Конституциямыз жаңа өлшемге ие болады. Сондықтан мен бұл мәселені республикалық референдумға шығаруды ұсындым, өйткені  мұндай ауқымды өзгерістер бүкілхалықтық  ерік білдіру негізінде жүзеге асырылуға тиіс", - деп атап өтті президент.

Жиналысқа қатысушылар бірауыздан бұл республиканың өміріндегі маңызды оқиға екенін, әрбір азаматтың Қазақстанның болашағына қатыстылығына мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ барлық қазақстандықтарды еліміздің болашағы үшін референдумға белсенді қатысуға шақырды.

барлық жаңалықтар »