"АИТВ: әрқайсысын тыңдау" акциясы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да

 

Қараша 19, 2021

Петропавлда ЖИТС профилактикасы және оған парси күрес облыстық орталығының мамандары М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде "АИТВ: әрқайсысын тыңдау" акциясын өткізді.

Студенттер үшін АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша КВН түрінде іс-шара ұйымдастырылды, ойынды Оксана Симухина жүргізді.

Ойынға медицина жоғары мектебі мен агротехнология факультетінің командалары қатысты. Сұрақтарға жауап беру және тапсырмаларды орындау арқылы жастарға АИТВ және ЖИТС туралы жалпыға белгілі фактілерді, АИТВ-ның берілу жолдары мен алдын алу ережелерін еске түсіруге тура келді.

Оксана Симухина оқушылармен жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып, ойын формасы бұрынғы білімді нығайтуға және жаңаларын үйренуге жақсы көмектеседі дейді.

Сайыс нәтижесі студенттердің тақырыпты жетік меңгергенін, барлық ойын барысында командалардың бір-бірінен кем түспейтінін көрсетті.

Қазылар алқасының мүшелері "Феникс" ЗТБ өкілі Қарлығаш Акинова, дәрігер-эпидемиолог Раушан Есеркенова және студенттер клубының жетекшісі Зарема Гумарова болды.

Екі команданың да мүшелері ұйымдастырушылардан белсенді қатысқаны үшін сыйлықтар алды.

Жарыс аяқталғаннан кейін жастар плакатқа бүкіл әлемде АИТВ-ны мүмкіндігінше тезірек жеңу туралы тілектерін жазды және оған символдық қызыл ленталар жапсырды.

Сонымен қатар, университеттің бас корпусының фойесінде ЖОО студенттері мен қызметкерлері арасынан барлық ниет білдірушілер үшін АИТВ-ға жедел тестілеу пункті орнатылды.

Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Сонымен қатар, фойеде сенім телефоны бар баннер орнатылды, ол бойынша солтүстікқазақстандықтар АИТВ мәселелері бойынша жасырын және құпия түрде кеңес ала алады.





барлық жаңалықтар »