АИТВ әлемде

АИТВ бойынша жаһандық статистика

  • АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың жалпы саны 2023 жылы 39,9 млн [36,1–44,6 млн] адамды құрады.
  • 2023 жылы АИТВ жұқтырудың жаңа жағдайларының саны 1,3 млн [1-1,7 млн] адамды құрады.
  • 2023 жылы ЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс болған адамдардың саны 630 000 (500 000-820 000] болды.
  • 2023 жылы 30,7 миллион адам антиретровирустық терапия қабылдады.
  • Эпидемия басталғаннан бері 88,4 миллион [71,3–112,8 миллион] адам АИТВ жұқтырған.
  • Эпидемия басталғаннан бері 42,3 миллион [35,7–51,1 миллион] адам ЖИТС-пен байланысты аурудан қайтыс болған.

 

АИТВ-мен өмір сүретін адамдар

  • 2023 жылы АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың саны 39,9 миллионды [36,1–44,6 миллион] құрады:
    • 38,6 миллион [34,9–43,1 миллион] ересек адам (15 жас және одан үлкен).
    • 1,4 миллион [1,1–1,7 миллион] бала (0-14 жас).
    • Әйелдер мен қыздар АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдардың 53% құрады.
  • 2023 жылы АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамның 86% [69-98%] өзінің мәртебесі туралы хабардар болды.
  • 2023 жылы 5,4 миллионға жуық адам АИТВ-мен өмір сүретінін білмеген.

 

АИТВ-мен өмір сүретін және антиретровирустық терапия алатын адамдар

  • 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша 2010 жылғы 7,7 миллион [6,7-8 млн] адаммен салыстырғанда, 30,7 миллион [27-31,9 млн] адам антиретровирустық терапияға қол жеткізген, бірақ бұрынғыдай біз 2025 жылға нысаналы көрсеткішке 34 миллионға қол жеткізбедік.
  • 2023 жылы АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдардың 77% [61-89%] емдеуге қол жеткізген.
    • АИТВ-мен өмір сүретін 15 жастағы және одан үлкен ересектердің 77% [62-90%] және 0-14 жас аралығындағы балалардың 57% [41-75%] емделуге қол жеткізді.
    • 15 жастағы және одан үлкен ересек әйелдердің 82% [66-96%] емделуге қол жеткізді, бұл ретте емделуге қолжетімділік 15 жастағы және одан үлкен ер адамдардың тек 72% [56-84%] болған.
  • АИТВ-мен өмір сүретін жүкті әйелдердің 84% [72-98%] 2023 жылы вирустың ұрыққа берілуін болдырмау мақсатында антиретровирустық препараттарды қолдана отырып емделуге қол жеткізді.

 

АИТВ инфекциясының жаңа жағдайлары

  • АИТВ жұқтырудың жаңа жағдайларының саны, бұл көрсеткіш ең жоғары деңгейге жеткен 1995 жылмен салыстырғанда, 60%-ға қысқарды.
    • 2023 жылы АИТВ инфекциясының жаңа жағдайларының саны, 1995 жылғы 3,3 млн [2,6–4,2 млн] адаммен салыстырғанда, шамамен 1,3 млн [1-1,7 млн] адамды құрады.
    • 2023 жылы АИТВ инфекциясының жаңа жағдайларының арасында әйелдер мен қыздардың үлесі 44% құрады.
  • 2023 жылы АИТВ инфекциясының жаңа жағдайларының көрсеткіші, 2010 жылға қарағанда 39%-ға, 2,1 млн-нан [1,7-2,7 млн] 1,3 млн-ға [1-1,7 млн] дейін төмендеді. Дегенмен біз бұл көрсеткішті 370 000-нан төмен түсіру бойынша 2025 жылға алға қойған мақсатымыздан айтарлықтай артта қалып отырмыз.
  • 2010 жылдан бері балалар арасында АИТВ инфекциясының жаңа жағдайларының көрсеткіші 62%-ға, 2010 жылғы 300 000-нан [220 000-440 000] 2023 жылы 120 000-ға [83 000-170 000] дейін төмендеді. Балалар арасында АИТВ-ның жаңа жағдайларының төмендеуі өте көп болғанына қарамастан, соңғы жылдары прогресс баяулады.

 

ЖИТС салдарынан болатын өлім

  • ЖИТС-пен байланысты аурулардың салдарынан қайтыс болған адамдардың саны 2004 жылғы ең жоғары көрсеткішке қатысты 69%-ға және 2010 жылғы көрсеткішке қатысты 51%-ға төмендеді.
  • 2023 жылы ЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс болғандардың жалпы әлемдік саны 630 000 [500 000-820 000] болды. Салыстырмалы түрде бұл көрсеткіш 2004 жылы 2,1 миллион [1,6–2,7 миллион] және 2010 жылы 1,3 миллион [1-1,7 миллион] болды.
  • 2025 жылға біздің нысаналы көрсеткіш – 250 000 аз.
  • ЖИТС-пен байланысты өлім-жітім деңгейі, 2010 жылдан бері әйелдер мен қыздар арасында 56%-ға, ер адамдар мен ұл балалар арасында 47%-ға төмендеді.
  • 2023 жылы әр минут сайын біреу АИТВ-дан қайтыс болды.

 

АИТВ-дан ең көп зардап шеккен адамдар

  • Бүкіл әлемде ересек адамдар арасында (15 пен 49 жас аралығында) АИТВ-ның орташа таралуы 0,8% құрады. Алайда маргинализацияға, кемсітушілікке және кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке байланысты адамдардың белгілі бір топтары арасында орташа таралу жоғары болды. Орташа таралу мынадай көрсеткіштерге жетті:
    • Шығыс және Оңтүстік Африкада 15 - 24 жас аралығындағы жас әйелдер мен қыздар арасында 2,3 %
    • гей ер адамдар және ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін басқа ер адамдар арасында 7,7%
    • секс-бизнес жұмыскерлері арасында 3%
    • инъекциялық есірткі тұтынатын адамдар арасында 5%
    • трансгендер адамдар арасында 9,2%
    • сотталғандар арасында 1,3%

 

Әйелдер мен қыздар

  • 2023 жылы бүкіл әлемде АИТВ инфекциясының барлық жаңа жағдайларының 44% -ы әйелдер мен қыздарда (барлық жастағы) болды.
  • Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінде әйелдер мен қыздар (барлық жастағы) үлесіне АИТВ инфекциясының барлық жаңа жағдайларының 62% тиесілі болды.  Барлық басқа аймақтарда 2023 жылы ерлер мен ұл балалар арасында АИТВ жұқтырудың жаңа жағдайларының 70%-дан астамы тіркелді.
  • 2023 жылы апта сайын бүкіл әлем бойынша 15 - 24 жас аралығындағы 4000 жасөспірім қыздар мен жас әйелдер АИТВ жұқтырған, бұл ретте мұндай жағдайдың 3100-і Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінде орын алды.

 

Тестілеу және емдеу мақсаттары (95-95-95)

  • 2023 жылы АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдардың 86% [69-98%] өздерінің мәртебесін білді. Өз мәртебесін білетін адамдар арасында 89% [71-98%] емделуге қол жеткізді. Ал терапия алатын адамдардың 93% [74-98%] вирустық супрессияға қол жеткізді.
  • 0 - 14 жас аралығындағы балалар арасында 95-95-95 стратегиясы бойынша көрсеткіштер 66 % [47–87 %], 86 % [62– >98 %], 84 % [60– >98 %] құрады. Әйелдер арасында 95-95-95 көрсеткіштері былай болды: 91 % [72– >98 %], 91 % [73– >98 %] және 94 % [75– >98 %].
  • Ерлер арасында 95-95-95 көрсеткіштері: АИТВ-мен өмір сүретін ересек ер адамдардың 83% [65-97%] өздерінің мәртебесін білді, 86% [68-98%] ем қабылдады және 94% [74-98%] вирустық супрессияға қол жеткізді.
  • 2023 жылы АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдардың 86% - ы [69-98%] өздерінің мәртебесін білді, 77% - ы [61-89%] емделуге қол жеткізді және 72% - ы [65-80%] вирустық супрессияға қол жеткізді.

 

Инвестиция

  • 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша табысы төмен және орташа елдерде ЖИТС-ке қарсы іс-қимылға 19,8 миллиард АҚШ доллары (2019 жылғы бағамен тұрақты АҚШ долларымен) бөлінген; шамамен 59% ішкі көздерден келген.
  • АИТВ-ға қарсы күресті қаржыландыру 2022 жылдан 2023 жылға дейін 5% -ға және 2020 жылдан 2023 жылға дейін 7,9% -ға қысқарды.
  • 2025 жылы ЖИТС індетін тоқтату жолына қайта оралу үшін табысы төмен және орташа елдерде, соның ішінде бұрын табысы жоғары елдер ретінде қарастырылған елдерде ЖИТС-ке қарсы іс-қимылға 29,3 млрд. АҚШ доллары (2019 жылғы бағамен тұрақты АҚШ долларымен) қажет болады.