ЖЖБИ бақылау: қазақстандық сарапшылардың ұсынымдары

 

Шілде 9, 2024

ДДҰ жыныстық жолмен берілетін үш негізгі инфекцияны (бұдан әрі – ЖЖБИ) – гонорея, мерез және адамның папилломавирусын (АПВ) бөліп берді. Бұл инфекциялардың ерекшелігі - ЖЖБИ-дің елдік немесе жаһандық ауқымда таралуын бақылауға мүмкіндік беретін тиімді алдын алу және емдеу шараларының болуы.  ЖЖБИ, оларды алдын алу және терапия шаралары туралы бізге м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер, ҚР ДСМ "Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының" консультативтік-диагностикалық бөлімінің меңгерушісі Садықов Гуламитдин Абдусаламұлы әңгімелеп береді.

 

 Гуламитдин Абдусаламұлы, Қазақстан бойынша ЖЖБИ-мен сырқаттанушылық статистикасы қандай?

- Қазақстанда соңғы жылдары ЖЖБИ жағдайларын тіркеудің төмендегені байқалады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша ЖЖБИ тіркелетін сырқаттанушылықтың құрылымы келесідей:

- урогенитальды трихомониаз - 3225 жағдай (100 мың тұрғынға 16,3);

- мерез - 1840 жағдай (100 мың тұрғынға шаққанда 9,3 жағдай);

- урогенитальды хламидиоз - 2650 жағдай (100 мың тұрғынға 13,4);

- гонококк инфекциясы - 1337 жағдай (100 мың тұрғынға 6,8 жағдай).

Біздің елімізде ЖЖБИ таралуының бұл көрінісі жалпы әлемдік тенденцияларға тән емес. Сонымен, дамыған елдерде - АҚШ пен Еуропада - ЖЖБИ жағдайларының жиілігінің өсуі байқалады. Біздің көрсеткіштеріміз біршама төмендеуде және бұл жағдай халықты ЖЖБИ туралы алдын алу және хабардар ету шараларының тиімді болып келе жатқандығына үміт арттырады. Алайда, қол жеткізілген жетістіктерді нығайту және эпидемиологиялық жағдайдың одан әрі жақсаруын қамтамасыз ету үшін осы бағытта жұмысты жалғастыру маңызды.

- ЖЖБИ-ге көбінесе азаматтардың қай жас санаты шағымданады және жұқтырғандығына күдіктенеді?

- Көп жағдайда бұл 20 мен 40 жас аралығындағы жастар.

- Жұқтыру қалай орын алады?

- Аурулардың атауында - жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, яғни жұқтыру мүмкіндігі де көрсетілген.  Жағдайлардың басым көпшілігінде (99% - да) жұқтыру жыныстық қатынас кезінде пайда болады, сонымен қатар, қан арқылы да жұғуы мүмкін. Тұрмыстық инфекцияның ықтималдығы іс жүзінде нөлге тең.

- Қандай белгілерге назар аудару керек? Адам бойындағы қандай күйлерді ескеру қажет?

- Егер біз гонорея туралы айтатын болсақ, ол гонококктардың (Neisseria gonorrhoeae) ағзаға енуі кезінде пайда болады, онда инкубациялық кезең орта есеппен 3-4 күнді құрайды, сонымен қатар ағзаның жеке ерекшеліктеріне тәуелділік бар.  Жедел, ауыр процесте келесідей алғашқы белгілер пайда болады: несеп-жыныс мүшелерінің шырышты қабығының қабыну процестері, ауырсыну, зәр шығару кезінде қышу, іріңді ағулар, жаралар, жыныс мүшелерінің ісінуі. Гонорея жасырын кезеңге де өтуі мүмкін, бұл жасырын кезеңде науқастың алаңдаушылығын тударатын барлық белгілер жоғалады. 

Трихомониаз (Trichomonas vaginalis қоздырғышы) да жоғары эпидемиялық потенциалға ие, ол жасөспірімдер арасында кең таралған, ересектерде  де жиі кездеседі және терапияға бағынуы қиын екендігін атап өткім келеді.

Әйелдер жыныс мүшесі аймағында тітіркену мен қышынуларға шағымданады, олар көбікті жасыл-сары бөлінулермен қатар жүреді. Еркектерде симптомдар көп бола бермейді, дегенмен кейбіреулерінде уретрадан көбік бөлінуі және зәр шығару кезінде ауырсыну пайда болады. Ерлер мен әйелдердің инкубациялық кезеңі 10 күнге дейін немесе одан да көп уақыт болуы мүмкін. Бұл микроорганизмді әйелдерге қарағанда ер адамдарда анықтау әлдеқайда қиын.  Трихомонадалар қозғалмалы болып келеді  және қандай да бір қолайлы сәт пайда болғанда адам денсаулығы үшін патологиялық белсенділікті ашады.

- ЖЖБИ диагностикасы мен терапиясы қалай жүреді?

– Елдегі зертханалық қызметтің дамуын ескере отырып, диагностиканың өзі қиын емес, ағзадан жағынды алынады, ол талдау 100% сенімділікпен белгілі бір аурудың болуын көрсетеді, бұл жедел, ауыр кезеңнің болуы жағдайында аурудың клиникалық расталған көрінісі болып табылады.  Егер торпидті (жай ағымды) немесе созылмалы процестер болса, онда ИФТ, бактериялы себінді, жағынды алу жүргізіледі, яғни зерттеудің аралас сипаттағы түрі жасалады.

Мәселенің басы - адамның өзін-өзі емдеуінде болып тұр. Кез-келген жыныстық жолмен берілетін ауруға күдіктенетін адамдардың көпшілігі дереу дәріханаға барады, симптомдарды атайды және емдеу бөлмесінде антибиотикалық инъекциялар алады. Қабыну процесі өтіп, науқас өзін сауықтырдым деп ойлайды. Содан кейін ғана пациенттер тері-венерологиялық диспансерлерге немесе кеңселерге, гинекологтарға немесе урологтарға жүгінгенде, олар талдау жасағаннан кейін ЖЖБИ - нің әртүрлі қоздырғыштарын табады.

Әйелдерде гонореяның ерте кезеңдерінде симптомсыз жағдайлар жиі кездеседі, ал трихомониазбен ауыратын еркектерде антибиотиктерді бақылаусыз қабылдағанда аурудың ауырлығын, көбеюін бәсеңдетуге болады, бірақ антибиотиктер аурудың дамуын толығымен тоқтата алмайды. Көбінесе адамдарда аурудың дамуын өзіңіз басқара аласыз деген қате түсінік пайда болады. ЖЖБИ ешқашан өздігінен өзі жазылып, өтіп кетпейді, алғашқы белгілері пайда бола бастағаннан-ақ арнайы маманға жүгіну қажет. Созылмалы ЖЖБИ бар адамдар жыныстық серіктестері үшін инфекция көзі болып табылады, олар міндетті түрде бірге емделуі қажет.

Гонорея және мерез, трихомониаз көп жағдайда антибиотиктердің (мысалы, цефтриаксон) қолданыстағы бір дозалы режимдермен де емделеді.

- Емделмеген ЖЖБИ ауруларының салдары қандай?

- Созылмалы инфекциялар ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін: ерлерде – бедеулік пен импотенцияға - бүгінде 20-35 жас аралығындағы жас ер адамдар эректильді дисфункция проблемаларымен, әйелдерде – бедеулікке, түсік түсіруге және жаңа туған нәрестелердің патологиясына келеді.

 

ЖЖБИ-нің жасырын ауыртпалығы келесі түрде көрінуі мүмкін:

- жүктілік кезіндегі мерез ұрық пен жаңа туған нәрестенің өлімінің негізгі себебі болып табылады;

- бедеулік көбінесе гонорея мен хламидиоздан туындайды;

- жатыр мойны обырының себебі көбінесе адам папилломавирусы болып табылады.

Бұл әсіресе репродуктивті денсаулықты сақтау маңыздылығы жасөспірімдерге қатысты.

Оларда аурудың бұл түрлері жайлы, стигматизация және қорқыныш, қауіпті мінез-құлық (жиі серіктестер, алкоголь, есірткі) туралы білім мен хабардарлық жетіспейді. Жасөспірімдер ұят немесе ата-ана мен қоғамның реакциясынан қорқып, медициналық көмекке жүгінуден бас тартуы мүмкін. Сонымен қатар, оларда болашақта бедеулік пен импотенция қаупі болуы мүмкін. Жасөспірімдер мамандарға 16 жастан кейін жүгіне алады, ал осы уақытқа дейінгі жаста тек ата - аналарымен бірге жүгінуі қажет.

- Бүгінгі таңда ЖЖБИ қаупін азайту үшін қандай алдын алу шаралары қолданылады?

- Бүгінгі таңда жыныстық жолмен берілетін аурулардың даму қаупін азайту үшін пациенттерге тосқауылдық контрацепция құралдарын қолдану бойынша ұсыныстар беру және халық арасында ақпараттық-ағарту жұмыстарымен белсенді айналысу қажет. Бірақ презервативтерді қолданудан 100% кепілдік жоқ, сонымен қатар "Мирамистин" препаратын қолдану кезінде жұқтыру ықтималдылығы азаяды. Сондықтан ата-аналар балаларының, әсіресе жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлуі керек.

Адам папилломавирусының (АПВ инфекциясы) тиімді алдын-алу әдісі бар – бұл вакцинация. Вакцинаны енгізу адамды вирустың ең көп таралған штамдарынан қорғайды, бұл ЖЖБИ мен берілген инфекциядан туындаған жыныс мүшелерінің қатерлі ісігінің қаупін азайтады. ҚазақстандаАПВ вирусына қарсы вакцинация осы жылдың күзінде еліміздің барлық өңірлерінде бір мезгілде басталады. Ол 11 жастағы қыз балаларға егіледі және ата-анасының келісімін алғаннан кейін жүзеге асырылады.  Вакцинация жас, жыныстық белсенді адамдарға да егілуі мүмкін,  қалауы бойынша 38 жасқа дейін егіледі.

- Сіздің ойыңызша, ЖЖБИ вакцинасы болашақта ойлап табылса, адамдарды осындай аурулардан мәңгілікке қорғай ала ма?

– 2023 жылы ретровирустар мен оппортунистік инфекциялар (Conference on Retroviruses and Opportunistic Infections - CROI) конференциясында гонореяға қарсы вакцинацияны зерттеу нәтижелерін ұсынған француз сарапшыларының тәжірибесіне тоқталайық. Бұл бактериялық инфекцияға қарсы тиімділік деңгейін көрсеткен алғашқы вакцина, бірақ, өкінішке орай, оның әсері қысқа мерзімді. Адам ағзасы ЖЖБИ қоздырғыштарына қарсы тұрақты иммунитетті дамытпайды және ол кез келген уақытта ауырып қалуы ықтимал. Сондықтан, егер адамдар ЖЖБИ туралы толық ақпаратқа ие болса, қауіпсіз мінез-құлық ережелерін ұстанатын болса, онда олардың инфекциядан аулақ болуы және денсаулығын қорғай алу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары.

https://pharmnewskz.com/ru/article/kontrol-ippp-rekomendacii-kazahstanskih-ekspertov_23126

барлық жаңалықтар »