Жаһандық қор жобасы аясында 25 ақпарат маманы оқудан өтті

 

Шілде 5, 2024

Алматыда 02-03 шілдеде ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресуге арналған Жаһандық қор грантын іске асыру жобасы шеңберінде болып өткен ЖДП және ҮЕҰ-ның басқа да қызметтері туралы ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы ілгерілету әдістері мен құралдары өткізілген тренингтің тақырыбына айналды. 

ҮЕҰ мен АИТВ-ның алдын алу жөніндегі өңірлік орталықтардың қызметкерлері келесідей маңызды кәсіби дағдыларды үйренді:

- кіші топтарды, олардың байланыс арналарын, ақпаратты қабылдау ерекшеліктерін қоса алғанда, мақсатты топтың портретін қалыптастыру;

 - тиімді форматтар мен құралдарды қолдану;

-түрлі мақсатты топтар үшін бейне-хабарламаларды дайындау дағдыларын игерді.

 Жаттықтырушылар: Денсаулық, құқық, гендерлік және жыныстық әртүрлілік жөніндегі Еуразиялық коалициясының – ЕКОМ қызметкерлері Елена Герман, Тина Собко  және ЛГБТ белсендісі Әміре Шайкежанов бірлесіп, қатысушылар ынталы және шығармашылықпен жұмыс істеген атмосфераны құрды. Толыққанды, мағлұматқа бай бағдарлама көптеген пікірталастар мен практикалық жаттығуларды қамтыды. Ақпараттық трендтерді, ҮЕҰ үшін әлеуметтік желілердің ерекшеліктерін зерделеу, әрбір мақсатты аудитория үшін месседждерді тұжырымдау тақырыпқа терең бойлауға ықпал етті.

Тренингтің бірінші күнінің соңында қатысушылар ЖДП туралы хабарлау мақсатында түрлі негізгі топтар үшін "тізеде" режимінде 6 бейне дайындады. Ал екінші жұмыс күнінің басында бұл бейнелер мыңдаған қаралымдарды жинады.

Қатысушылардың көпшілігі кері байланыс бере отырып, СММ маманының жұмысындағы маңызды құрал - мазмұн жоспарын құру үшін өте пайдалы сессия ретінде атап өтті. Қатысушылардың пікірінше, тағы бір жоғарғы сессия - түрлі мазмұн форматы арқылы көрсетілетін қызметтерді алға жылжыту бойынша:

- медиа-кампаниялар, таргет, қоғамдық пікір көшбасшыларын тарту, чат-бот, сайттар, танысу сайттары.

- Ақпараттық мамандарды ЖДП бойынша қызметтерді ілгерілету, әлеуметтік желілер және басқа да коммуникация арналары арқылы онлайн кеңес беру әдістеріне оқыту, сөзсіз, халықтың негізгі топтары үшін жалпы қызметтерді танымал етуге көмектеседі. Шынында да, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы адамдар маңызды және тиісті ақпарат алады, - деп АИТВ бойынша ұлттық үйлестіруші Татьяна Давлетгалиева атап өтті.

барлық жаңалықтар »